
Әдеттегідей іс-шаралар жоспары өте сауатты жасалған, әлеуметтің көкейінде жүрген біраз мәселелер кәсіби мамандармен нақтыланған. Ендігі мәселе аймақта аталған жоспардың қалай іске асырылатынында. Жоспарды іске асыру кәсіби табандылықты, біліктілікті, жоғары ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді.
Президентіміздің ұлттық, кәсіби, білікті жұмысшы мамандардың қалыптасуына, адами капиталдың дамуына, экономиканың нақты секторында драйвер болатын жұмысшы мамандарды аймақтарда қалыптастыру бастамасының нақты іске асуы үшін облыстық атқарушы биліктің барлық сала басшылары өзара бірлескен іс- әрекеті өте қажет.
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Әбдраимов Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіровтің Жаңатас қаласында «ЕвроХим» кәсіпорны басшыларымен кездесу барысында жұмысшы мамандықтар бойынша қажеттіліктерді ескере отырып, облыс аумағында жоғары оқу орындарының, колледж түлектерін жергілікті кәсіпорындарға орналастыру, жаңа кәсіпорындар ашып жатқан инвесторларға жұмысшы мамандарды аймақ тұрғындарынан дайындауды келісімшарт барысында ескеру туралы, осы мақсатта білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы келісімдер жасауды, кәсіпорындармен оқу орындарының базасында тұрақты іс-шаралар өткізе отырып, міндетті кәсіптік бағдарламалар өткізуді қолға алуды ұсынған.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру, кадр даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара өңірлік жоспарларды бекіту және жаңа жұмыс орындарын ашу барысында жергілікті жұмысшы мамандарды дайындау мен олардың біліктілігін арттыру мәселесін жұмыс берушілерге міндеттеу мәселесін нақтылау қажет.
Жаңа ашылған жұмыс орындарында жұмысшылар саны, мемлекеттік мекемелердің жариялаған ақпараты шындыққа сәйкес келетіні туралы мағлұматтарды қоғам өкілдерінен жұмысшы тобын жасақтап, зерделеп, жарияланған ақпараттың нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау керек.
Облыс аумағындағы кәсіби мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары, колледж басшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныса отырып, уақыт талабына сай болашақта оқу-әдістемелік жоспарларына біршама өзгерістер енгізуі қажет сияқты. «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру Концепт: Жаңа кәсіптер атласында еңбек нарығындағы және экономиканың нақты секторларындағы сұранысқа ие мамандықтарға баса назар аударылатыны, ағымдағы және болашақ жұмысшы мамандықтарының тізбесі айқындалатыны, Жаңа кәсіптер атласы мектептер мен колледждердегі кәсіптік бағдар берушілер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысының құралына айналатынын ескеруі қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жоғары оқу орындары мен колледждерге нақты экономикаға қажет емес мамандықтарға қаржы бөлуді шектеп, мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсауды доғарған жөн.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының стратегиялық, әлеуметтік мәні зор бастамасы кезекті науқаншылдыққа айналып, аяқ асты болмауы ортақ міндет, ортақ абырой.
Әуесхан ӘСКЕРБЕКҰЛЫ,
облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді