
Өткен жылы Президент Үкіметке 2029 жылға қарай ел экономикасын 450 миллиард долларға дейін ұлғайтуды, жыл сайын ЖІӨ-нің кемінде 6 пайызға өсуін тапсырғаны белгілі. Аталған отырыста Премьер- министр Олжас Бектеновтің айтуы бойынша 2024 жылы бұл көрсеткіш 4,8 пайызды құрады.
2024 жылдың негізгі сынағы – мемлекеттік бюджеттің жағдайы. Бюджет тапшылығы әдеттегідей Ұлттық қор есебінен жабылды. Мемлекеттік шығыстардың өсуі инфляциялық үдерістерді жеделдетті, бұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеру қажеттігіне әкеліп соқты.
Мұның басты себебі – тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер. Қа лыпт асқан гео с аяси жағдайда бұл үрдістер жалғасатын болады. Сондықтан Ел Президенті Үкіметке экономиканың тоқырауын (стагнациясын) болдырмау және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды іске асыруды тапсырды.
Қандай шаралар туралы айтып отырмыз?
Біріншіден, экономиканы әр тараптандыру (диверсификациялау). Әлем жа лпы цифрландыруға негізделген жаңа технологиялық құрылымға көшуде. Біз бұған дайын болуымыз керек. Жас анды интеллекттің дамуы экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторына айналуда.
Екіншіден, ұлттық экономикаға инвестициялар тарту мәселесі өзекті болып қала береді. Егер біз инфрақұрылымдық дамудың жаңа деңгейіне көшкіміз келсе, онда Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен, Еуроодақ, Таяу Шығыс, Азия елдерімен жаңа ірі инвестициялық жобаларды іске асыру қажет.
Үшіншіден, іскерлік ахуалды жолға қойып, жақын көршілеріміз – Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшу қажет. Қазақстан Орталық Азия өңірінде өзінің бәсекелестік артықшылықтарын күшейтуге тиіс.
Біз бұл реформалардың барлығын нақты адамдар жүзеге асыратынын түсінеміз. Сондықтан Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен қалалар әкімдерінің қойылған міндеттерді орындаудағы жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігі жоғары болуы, қиын жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс деп атап өтті.
Қорытындылар шығарылды, тапсырмалар белгіленді, тек жұмыс істеу керек.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді