Биыл Қазақстанда ел экономикасы үшін маңызды ірі инвестициялық бірқатар жоба жүзеге асырыла бастайды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министр айтқан ақпаратқа сәйкес, құны $7,4 млрд болатын полиэтилен зауыты салынады деп күтілуде. Қазақстанның Даму банкінің қолдауымен Павлодар облысында алкилат шығаратын кәсіпорын салынады.
Сондай-ақ, «Qarmet» АҚ жылына 200 мың тас көмір шайырын қайта өңдеу жобасын іске асыруға кірісті. Жалпы құны $262 млн болатын жоба аясында көмір химиясы өнімдерінің 15 түрін шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар қытайлық China Energy компаниясы еліміздің экономикасына инвестиция құюға қызығушылық танытып, көмірді терең өңдейтін зауыт құрылысына $4 млрд салуды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бірінші тоқсанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 17%-ға өсті
- 16 сәуір, 2026
Тың жоба жүзеге асырылуда
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




