«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көлік инфрақұрылымын жаңарту қарқынды

Көлік инфрақұрылымын жаңарту қарқынды
Ашық дереккөз
2024 жылғы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту – бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Президент көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту мақсаты белгіленді.

Осыған орай, өткен жылы өңірлік жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 26,8 миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпір құрылысы жүргізіліп, 3 шақырым жолды қайта жаңғыртудан және 690,4 шақырым жол орта жөндеуден өтті.

Оның ішінде, 95,9 шақырым облыстық маңызы бар, 88,1 шақырым аудандық маңызы бар жолдар болса, 506,4 шақырымы елді мекен көшелері. Сондай-ақ, барлығы 355 жол жөндеу жобалары іске асырылып, 709,9 шақырым жол қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылды.

Бұдан бөлек, «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба немесе 184 шақырым, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен – 170 жоба немесе 203 шақырым, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 5 жоба немесе 18,3 шақырым, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 1,2 шақырым, жергілікті бюджеттерден – 143 жоба немесе 303,4 шақырым жол жөнделді. Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 2,3 миллиард теңгеге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі индикаторлық көрсеткіші 99 пайызды құрады (жақсы-65%; қанағаттанарлық-34%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 87 пайызға (жақсы-67%; қанағаттанарлық-20%).

Жол жөндеу жұмыстарының сапасына келетін болсақ, бұл бағытта бөлінген 195,8 миллион теңгеге «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп тұрақты жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Автожолдардың мерзімінен бұрын бұзылуынан сақтап қалу мақсатында Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімі өкілдерімен бірлесіп, облыс жолдарында рейдтер ұйымдастырылып, тексерулер жүргізу шаралары жалғасуда. Бұл ретте өткен жылдың 12 айында жылжымалы көліктік бақылау посттарында 1 840 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 96,8 миллион теңгеге айыппұл салынды. Дегенмен, облыста Көліктік бақылау инспекциясында жылжымалы бекеттер жетіспеуіне байланысты жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында автожолдарда ағымдағы жылы 2 автоматты өлшеу жүйелерін орнату үшін 2025 жылдың облыстық бюджетін қалыптастыруға бюджеттік өтінім беріліп, 330 миллион теңге қолдау тапқандығын атап өтуге болады.

Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 23,6 миллиард бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 17,7 шақырым көше жолдарын құрылыспен, 8 шақырым қайта жаңғыртумен және 391,4 шақырым жолдарды орта жөндеумен қамту жоспарланған. Оның ішінде 45,1 шақырымы облыстық маңызы бар, 83 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар болса, 263,3 шақырымы – елді мекен көшелері.

Жол саласында биылғы жылы барлығы 146 жол жөндеу жобалары іске асырылады. Оның ішінде, «Көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы» ұлттық жобасымен – 24 жоба немесе 128,1 шақырым, «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен – 49 жоба немесе 116,8 шақырым, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен – 6 жоба немесе 20,3 шақырым автожол мен 1 көпір құрылысы, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен – 3 жоба немесе 5,4 шақырым, жергілікті бюджеттерден – 64 жоба немесе 146,5 шақырым автожол, 5 көпір құрылысы жүргізіледі.

Ал, 3,4 миллиард теңгеге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады. Атқарылатын жұмыстардың сапасын тексеру және жол жөндеу жұмыстары барысында пайдаланылатын материалдарға зертханалық сараптама жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 107,8 миллион теңге бөлінген. Осылайша, биыл жыл қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін 99,5 пайызға, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға жеткізу межеленіп отыр.

Бұдан бөлек, 2025 жыл өңірдің автожол инфрақұрылымын жөндеу, қайта жаңарту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең. Атап айтқанда, Тараз қаласының логистикасын жақсарту және шеткі бөлігін жандандыру үшін биыл Тараз қаласында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі мен жол өтпесі бар Абай даңғылы учаскесін салу жобасы бастау алды. Бұл ретте Жуалы ауданы Боранды станциясы ПК 7 (ПЧ-52 Түлкібас) 3 441-шақырымында су өткізгіш темірбетон құбыр жанында автокөлік құралдарының өтуіне арналған жасанды құрылыс салу жобасы жүзеге асырылатын болады.

 

Мұрат САУРЫҚОВ,

облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар