«Әлеуметтік әмиян» денсаулық сақтау саласында: дәрі-дәрмектерді алудың жаңа мүмкіндіктері
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2025
- 706

«Әлеуметтік әмиянның» тиімді жұмыс істеуі үшін заманауи инфрақұрылым жасалған:
• eGov Mobile мобильдік қосымшасы медициналық ақпараттық жүйелермен (МИС) интеграцияланып, дәрігерлер, пациенттер және дәріханалар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
• QR-кодтар. Әрбір рецептің өзіндік QR-коды бар, ол пациентті оның тағайындалуымен байланыстырып, жалғандықты болдырмайды.
• Деректерді шифрлау. Пациенттердің биометриялық және жеке деректері заманауи шифрлау стандарттары арқылы қорғалған.
• Бірыңғай деректер базасы. Қызмет Ұлттық биометриялық ақпарат орталығына және мемлекеттік деректер базасына қосылған, бұл пациенттерді сәйкестендірудің дәлдігін қамтамасыз етеді.
«Әлеуметтік әмиянның» артықшылықтары.
1. Айқындық және бақылау.
Пациенттер барлық рецептерін және дәрі-дәрмектерді алу тарихын қадағалай алады, бұл алаяқтық пен заңсыз айналымның болмауына кепілдік береді.
2. Ыңғайлылық.
Электрондық рецепт қағаз бюрократиясын ұмытуға мүмкіндік береді: рецептер немесе медициналық карталарды өзіңізбен алып жүрудің қажеті жоқ.
3. Жылдамдық және қолжетімділік.
QR-код арқылы дәрі-дәрмектерді алу процесі бірнеше минутты алады. Бұл әсіресе шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар үшін маңызды, өйткені бұрын дәрі-дәрмектерді беру процесі кешігіп кететін.
4. Қызмет көрсету сапасының артуы.
Пациенттер қосымшада ұсынылған қызметтер бойынша пікірлер қалдыра алады, ал төмен бағалау автоматты түрде мемлекеттік органдарға шағым жасайды.
5. Қауіпсіздік.
Биометриялық сәйкестендіру және деректерді шифрлау дәрі-дәрмектерді беру кезінде қателердің алдын алады.
Жобаның Кордай ауданында жүзеге асырылуы.
Қордай аудандық орталық ауруханасы «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне толықтай қосылған. Барлық дәрігерлер электрондық рецептпен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті, ал ауданның дәріханалары QR-кодтарды сканерлеуге қажетті жабдықпен қамтамасыз етілді.
Жүйемен жұмыс істеу үшін пациенттерге не қажет?
• Телефонға eGov Mobile қосымшасын жүктеу.
• Тіркелу және деректерді растау.
• Дәрігерге барған кезде тағайындалған дәрі-дәрмектер «Әлеуметтік әмиян» бөлімінде көрсетіліп тұрғанына көз жеткізу.
• Дәріхана немесе емханаға барған кезде QR-кодты көрсету немесе Face ID пайдалану.
Жобаның болашағы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, «Әлеуметтік әмиян» пилоттық кезеңде өзінің тиімділігін көрсетті, электронды форматта бір миллионнан астам рецепт берілді.
«Әлеуметтік әмиянды» енгізу – бұл әрбір азаматтың қажеттіліктеріне бағытталған айқын әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құрудағы маңызды қадам.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы.
Ұқсас жаңалықтар
Абзал жүрек ауыл фельдшері
- 10 ақпан, 2025
МӘМС жүйесін жетілдіру қандай мәселелерді шешеді?
- 29 қаңтар, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді