Сапасыз қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2025
- 1.6k
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.
Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram- ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.
Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын
- 5 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




