Комбайн жүргізудің бөлек қыр-сыры бар. Жайқалған егіс алқабында теңізде жүзген кемедей қалқып келе жатудың өзі ерекше көрініс. Қанат комбайншы болуды бала күнінен армандаған. Осы арманмен әуелі трактор тізгініне отырды. Теміржол саласына 17 жыл шынжыр табанды бульдозер техникасын жүргізді. Кейінгі 7 жылдан бері аталған ауылдағы «Омар» шаруа қожалығының комбайншысы.
Бір айта кетерлігі , Сұлтанбаев бір ғана шаруа қожалықтың емес, науқан кезінде ауылдық округтегі басқа да қожалықтардың егінін орады. Шамамен күніне 120 гектар егістікті орып үлгереді. Еңбегіне қарай науқан кезінде айына 400-450 мың теңге көлемінде табыс табады. «Әкеміз, ағаларымыз еңбек адамдары болды. Жас күнімізден өзіміз де шөп шауып, қолмен жүгері жинап, жұмысты көріп өстік. Сары алтындай сары жүгеріні аралап, даланың сұлу көріністеріне қызығып қарап жүрдік. Қазіргі таңда комбайншы болып еңбек етіп жүргеніме қуанамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Еңбек ете жүріп, адал істе береке бар екенін түсіндім. Отбасым да табысыма риза. Барлық берекені еңбектен т ауып отырмын», – дейді комбайншы Қанат Сұлтанбаев.
Қазіргі таңда оның қасында Асхат Бұлтбаев деген азамат көмекші комбайншы болып жүр. Қанат оған комбайнды тоқтатпай жүргізудің қыр- сырын үйретуден жалыққан емес. Мұның өзі шаруашылықты шебер комбайншы маманмен қамтуға деген қадам.
Даланың егіс алқабы теңізінде комбайнын кемедей жүздіріп, дән жинап жүрген еңбек адамы Қанат Сұлтанбаевқа ауыл тұрғындары да дән риза.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




