СІЗГЕ АРНАҒАН ТІЛЕГІМІЗДІ ӨЛЕҢ ЖОЛЫМЕН ӨРНЕКТЕЙ ОТЫРЫП, ӨЗІҢІЗГЕ ЖЕТКІЗУДІ ЖӨН КӨРДІК
Əке, сенің атыңды құрметтеймін,
Маған сенші, жаныңды мұңды етпеймін.
Шүкір, Алла сенімді бақ берген ғой,
Алаң болма тегіңді кірлетпеймін.
Маңдайыңнан əр аққан терің үшін,
Саған төгем жырымның ең ірісін.
Мен ғаламның жұлдызы боп кетсем де,
Сен анамның сүйікті серігісің.
Күмəн салып жүрсің-ау бекерге сен,
Мен арманға жетемін, жетем десем.
Өмір сүріп қайтемін, əке сені,
Мəртебем деп, төбеме көтермесем.
Орның бар алатын анық төрден,
Биік тұрсын сол үшін алып белден,
...Əке, саған мəңгілік алғыс айтам,
Маған асыл ананы тауып берген!
Әке, әрдайым жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп-ақ. Алдағы уақытта осы
істеріңіздің жемісін көріңіз.
Ізгі ниетпен: ұлы Нұрсұлтан, қайнысы Жұмабек, келіні Әсем.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды
- 19 ақпан, 2026
Биыл пітір садақа 735 теңге, ол қалай есептелді?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




