Басқарма басшысының сөзінше, биылғы жылы басқарманың жетекшілік ететін бағыттары бойынша әлеуметтік салаға 54,4 миллиард теңге қаралған. Осылайша, қаражат көлемі өткен жылдың бюджетімен салыстырғанда 22 пайызға артқан. 2024 жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспары 67 308 болып бекітілген. Жылдың қорытындысымен 70 056 жұмыс орыны құрылған.
– Биылғы жылы жоспар 68 мыңнан аса жо спарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» көрсеткіші бойынша есепті кезеңге 13 111 жұмыс орны құрылып, жоспар 2 111 адамға асыра орындалды. 2024 жылы 55 586 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, жыл қорытындысымен 62 651 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Биылғы жылдан бастап субсидияланатын жұмыс орындарының «Ұрпақтар келісім шарты», «Алғашқы жұмыс орны» сияқты шара лардың ре спублика бойынша тоқтатылуына байланысты жылдық жоспар бойынша 53 773 адамды белсенді шараларға тарту жоспарлануда. Ал, тұрақты жұмыспен 32 000 адамды қамту көзделген. Электронды еңбек биржасында облыс бойынша 2024 жылы 313 жоба енгізіліп, онда 3 113 жұмыс орындары ашылуы тиіс болатын. Жылдың қорытындысымен электронды еңбек биржасына белгіленген жоспарға сәйкес 311 жоба іске асырылып, бос жұмыс орындарына 3 160 адам жұмысқа орналастырылды, – деді Еркін Егембердіұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына өткен жылы 16 915 адам тартылса, биыл 15 197 адамды қамту жоспарланған. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандық беру бойынша 1 291 адам жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарына кәсіптік оқуға жолданып, оның 1 234-і тұрақты жұмысқа орналасқан.
Сонымен бірге, аталған басқарма басшысы жиында әлеуметтік қамсыздандыру мен мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету жайына да тоқталды. Жалпы, өткен жылы облыста атаулы әлеуметтік көмек алушы 31 497 адамға 2,9 миллиард теңге төленген болса, биыл бұл санаттағылар саны 52 652 адамды құрап отыр. Ал, мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында тіркелген 28 513 өтініштің 28 041-і қанағаттандырылған.
Аппараттық кеңесте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев халықты тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы заңбұзушылықтардың алдын алып, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
– Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны кезең-кезеңімен азайғаны жақсы динамика. Дегенмен, қаржылай көмек шын мұқтаж жандарға берілуі тиіс. Заңнама талаптарына сай келмейтін азаматтарға төлем тағайындау бюджетті тиімсіз пайдалану болып саналады. Мұндай заңбұзушылықтардың қашанда сұрауы бар. Сондай-ақ, жұмыспен қамту шараларына жолданған азаматтардың формальды түрде орналасуын болдырмау мақсатында тиісті заң талаптарын сақтай отырып мониторинг жүргізілуі қажет. Бұған қоса, субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуы қатаң бақылауға алынуы тиіс, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Бұдан бөлек, жиында аймақ басшысы салаға жауапты басқарма басшысына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төленетін қаржылай көмекті арттыру мүмкіндіктерін қарастыру керектігін айтып, тиісті басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне электронды еңбек биржасында бос жұмыс орындарын жариялау шараларын жандандыруды тапсырды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді