«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жасанды интеллект жаңа мүмкіндікке жол ашады

Жасанды интеллект жаңа мүмкіндікке жол ашады
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында сарапшылармен кездесіп, жасанды интеллектті дамыту мәселесін талқылады. Президент басқосу барысында жасанды интеллект қазіргі замандағы прогрестің ең басты қозғаушы күштерінің бірі саналатынын әрі экономиканы түбегейлі өзгерте алатынын атап өтіп, елімізде жасанды интеллект саласына жоғары санатты маман даярлау және қолдау ісіне айрықша басымдық беріп отырғанына тоқталды.

Оның айтуынша, жасанды интеллекттің қолданысқа табысты енуі осындай технологияларды әзірлейтін және пайдаланатын адамдардың біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы біздің елде «Alem.AI» озық технологиялар орталығы құрылғанын мәлімдеді. Орталық әлемдегі үздік тәжірибелерді игеріп, инновациялық шешімдердің енгізілуіне ықпал етеді. Президент жасанды интеллектке байланысты бастамаларды жүзеге асыратын хабта мектептерге, университеттерге және кәсіби даярлық орталықтарына арналған білім беру бағдарламалары жасақталатынын айтты. Сондай-ақ, онда зерттеушілерге, стартаптар мен компанияларға арналған кеңселер, тәжірибе алмасу алаңдары орналасады.

– Қазақстанда жасанды интеллектті ілгерілетуге берік негіз қалау үшін маңызды қадамдар жасалып жатыр. Институционалдық орта қалыптастыруға, инфрақұрылым мен адам капиталын дамытуға баса мән беріліп отыр. Институционалдық құрылым аясында Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңес құрылады. Оған өзім жетекшілік жасаймын. Бұл кеңес әлемдік деңгейдегі с арапшылармен диалог жүргізіп, пікір алмасатын стратегиялық алаңға айналады. Жасанды интеллект саласындағы ұлттық саясатқа қатысты ұсынымдар әзірлеп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында оның жұмысына инженерлер, зерттеушілер мен кәсіпкерлер кеңінен тартылады. Біз жасанды интеллект саласындағы адам капиталын дамыту мақсатында AI-Sana деп аталатын инновациялық білім беру бағдарламасын жасадық. Ба ғдарлама түрлі сала мамандарының пәнаралық даярлығын қамтамасыз етеді және жасанды интеллектке қатысты озық шешімдерді әзірлеуге септігін тигізеді, – деген Президент Қазақстан жаһандық жасанды интеллект экожүйе сінің белсенді мүшесі болуға ұмтылатынын алға тартып, кездесуге қатысушыларды ғылыми зерттеуден бастап этикалық стандарттарды бекітуге дейінгі сан салалы жұмысқа атсалысуға шақырды.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйек айында халыққа арнаған Жолдауында «Alem.AI» жасанды интеллект ұлттық орт алығын құру баст а- масының ст ратегиялық маңызын атап өтіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берген еді. Жуырда осы тапсырма аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев орталықтың тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа орталық «ЭКСПО» кешенінде орналасады. Жалпы ауданы 20 мың шаршы мет рді құрайды. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізіліп, инновациялық жобалар әзірленеді. Орталық бірнеше қабаттан тұрады, әр қабаттың өз мақсаты бар. Орталықтың тұжырымдамасына сәйкес бірінші қабатта форумдар мен дәрістер өткізуге арналған қоғамдық кеңістік пен «AI» мұражайы болады. Мұнда әзірлеушілер, студенттер және сарапшылар білім алмасып, пікір таластырады. Сондай-ақ, стартаптарға арналған хакатондар, байқаулар мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, жасанды интеллект ұлттық орталығы халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатуды көздеп отыр. Орталықта «Playrix», «TikTok», «Google», «EPAM» сияқты ірі компаниялардың кеңселері орналаспақ. Бұл қадам халықаралық нарыққа шығуға әрі жасанды интеллект жобаларын әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұл күнде «Astana Hub» пен «Tumo Ventures» арасында серіктестік меморандумына қол қойылды. Соның арқасында «TUMO» мектебінің құрылуына және білім беру бағдарламаларының іске асуына жол ашылды. Орталықтың екінші, үшінші қабаттары дәл осы «TUMO School» мектебіне арналады. Бұл мектеп 9-12 сынып оқушыларына бағдарламалау, роботтехника, шығармашылық технологиялар бойынша білім береді. Бір сөзбен айтқанда, оған елордадағы 42 мыңнан астам оқушыны қамту көзделген. Екінші қабатта 206 орындық оқу кеңістігі мен зертханалар бар, ал үшінші қабатта қосымша 348 орын қарастырылған. Төртінші, бесінші қабаттарда «Tomorrow School» мектебі жұмыс істейді. Бұл–еліміздегі алғашқы «peer-to-peer» оқыту форматындағы мектеп. Былтыр қазан айында «Astana Hub» технопаркі ашқан бұл мектеп «01Edu» платформасында жұмыс істейді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, алғашқы лекке 5 мыңнан астам өтініш түсіп, 120 студент оқуға қабылданған.

Қазір екінші лекте 190 студент оқып жатыр. Ал, алтыншы қабат стартаптарды қолдаумен дамыту алаңы. Мұнда жыл сайын жаңа жасанды интеллект стартаптарын іске қо су жоспарланған. Қазіргі таңда «Astana Hub» экожүйесінде 1500-ден астам қатысушы бар, олардың 150-і жасанды интеллект жобаларымен айналысады. «AI’Preneurs» акселерациялық бағдарламасы стартаптарды идея табудан бастап, нарыққа шығаруға дейін дайындайды. Алғашқы лекке 250 өтініш түсіп, 50 маман іріктелген. Олар 21 стартап дайындап қойған. Оның 9-ы сәтті іске асып, 7 жоба қаржылай қолдауға ие болды. Жетінші қабат ғылыми зертханаларға арналған. Мұнда жасанды интеллект бойынша тәжірибелік зерттеулер жүргізіледі. Сегізінші қабат мемлекеттік басқаруды жетілдіруге арналған «GovTech» шешімдері мен ситуациялық орталықты қамтиды. Бұл бөлім мемлекеттік басқару үдерістерін оңтайландыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру алаңы ретінде жұмыс істейді.

Жасанды интеллект ұлттық орталығының негізгі мақсаты – еліміздің ғылыми әлеуетін күшейтіп, халықаралық аренада беделін арттыру, сондай-ақ, отандық IT өнімдерін шетел нарығына шығару. «IUTH» университетінің оқытушысы, PhD Нұржан Мұхтарұлының пікірінше, бұл бастама уақтылы қолға алынған. «Жас анды интеллект – төртінші индустриялық революцияның өзегі. Ол күнделікті өмірімізге енді. Мәтін жасау, сурет пен видео өндіру сияқты жұмыстарды адамдар күндеп, апталап жасайтын болса, жасанды интеллект оны секунд ішінде жүзеге асырады. Сондықтан, ұлттық деңгейде мұндай орт алық ашу – уақтылы бастама. Тіпті, кеш қабылданды деуге болады, өйткені дамыған елдер бұл саланы он-он бес жыл бұрын дамыта бастады. Соның арқасында қазір олар көш басында тұр. Біз тек олардың дайын өнімдерін пайдаланып отырмыз, өзіміздің өндіріс жоқтың қасы. Орталықтың басты басымдықтары ғылым мен білім саласында жасанды интеллектіні қолдану болуға тиіс. Екінші басымдық –өндірістік үдерістерді оңтайландыру. Ұзақ уақыт алатын жұмыстарды жасанды интеллект арқылы жеңілдетіп, өнімділікті арттыруға болады. Әрине, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін деген қауіп бар. Бірақ, жасанды интеллект жаңа жұмыс түрлерін де қалыптастырады», – дейді сарапшы.

Рас, бүгінгі таңда елімізде жасанды интеллект саласын дамытуға ден қойылуда. Жаңа технологияларды енгізуге арналған бірқатар ірі жоба жүзеге асып, саланың дамуына серпін беретін маңызды бастамалар қолға алынды. «Oxford Insights» ұйымының дерегінше, жасанды интеллектіге дайындық индексі бойынша Қазақстан 193 елдің арасында 72-орынға тұрақт аған. Бастысы, жасанды интеллект саласында білім бе руд і дамыту бүгінгі күннің қажеттілігіне айналып отыр. Сондықтан, жасанды интеллект ұлттық орталығында ашылатын екі инновациялық мектеп осы мүддеге жұмыс істейтін болады. «TUMO School» оқушыларға анимация, программалау, роботтехника сияқты 15 бағыт бойынша білім алуға жағдай жасаса, «Tomorrow School» «IT» жас анды интеллект салаларында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатынд: «Таяу жылдарда жасанды интеллект өте қарқынды дамып, жұрттың өмір туралы ұғымын, тіпті тұрмыс- тіршілігін де түбегейлі өзгертетінін ескерген жөн. Милы машиналар, яғни интеллектісі жағынан адамды он орайтын роботтар пайда болатын күн алыс емес. Оның үстіне, бұл роботтар эмпатияға, яғни сезіну және эмоция білдіру сияқты адамға тән қасиеттерге ие болады», – деп атап өтті.

Осылайша, 2029 жылға қарай жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 миллиард долларға жеткізу, жыл сайын 10 мың жаңа маман тарту, кемінде бір мың жасанды интеллект маманын даярлау, 100 стартап жобасын іске қосу жо спарланған. Ендеше, биыл ашылатын жасанды интеллект ұлттық орталығы – еліміздің IT индустриядағы беделін арттыруға, ғылыми зерттеулерді күшейтуге әрі Орт а лық Азиядағы жетекші технологиялық хабқа айналуға жасалған нақты қадам. Елдің цифрлық болашағы үшін бұл – уақыт талабына сай жүзеге асқан маңызды бастама.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар