Іс-шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов пен ауыл тұрғындары қатысып, өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Аталған жобаға «Парус-Т» ЖШС 200 миллион теңге инвестиция салған.
Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. 2023 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. 2024 жылы қытайлық білікті мамандар кәсіпорынды іске қосу жұмыстарын жүзеге асырған.
Құрылыс жұмыстарына 30 адам тартылған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Минералды ауызсу «Бай тал» атауымен нарыққа жол тартады.
Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауданында жалпы құны 16,1 миллиард теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




