
Соның нәтижесінде қала құрамына енген Талас стансасы мен Талас ауылына тұрғындар сұранысына байланысты жаңа маршрут ашылды. Бүгін іске қосылған №62 бағыт Талас стансасы мен Талас ауылынан әрі қарай «Қарасай» алқабы, Автобекет және Автопарк аумағын қамти отырып, «Ауыл береке» базары аралығында қатынайды. Аталған бағытқа жүру жиілігі 15 минуттан 4 жаңа автобус таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:30-ға дейін қызмет көрсететін болады.
Жалпы, алдағы уақытта 2 ауданнан қосылған елді мекендер бойынша қызмет көрсететін маршруттардағы кесте санын арттыру арқылы жүру жиілігін қысқарту және қосымша маршруттар ашу кезең-кезеңімен өз жалғасын табады. Бүгінде осы мақсатта «Ақбұлым» ауылына баратын №42 маршрутты 6 кестеге дейін арттыру (10 қаңтарда қосымша 2 кесте қосылған болатын), ал 22 қаңтардан бастап Шайқорық, Танты, Бесжылдық ауылдарына қатынайтын №6 бағыттағы 5 кестені 8-ге дейін көбейту көзделіп отыр. Сонымен қатар, «Солнечный» алқабы мен Нұрлы жол көшесін қамту арқылы жаңа маршрут ашу да қолға алынуда.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам қайраткерімен кездесу
- Бүгін, 12:32
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді