Айталық, аталған шағын ауданның егжей- тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 145 тұрғын үй, оның ішінде 64-і таунхаус, үй, 81-і көппәтерлі, 2 мектеп, 3 балабақша, онкологиялық диспансер, көпсалалы аурухана, профильді емхана, лицей интернаты, салтанат сарайы, инновациялық шығармашылық орталығы, дене шынықтыру- сауықтыру кешені, кәсіпкерлік нысандарды салу көзделген.
Жалпы, «Әулие-Ата» шағынауданында 2016- 2023 жылдардың аралығында инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым (газбен жабдықтау, жылу, электр, ауыз су, кәріз желілері мен сыртқы байланыс желілері) құрылысы жүргізілді.
Қазіргі таңда шағын ауданда 5 қабатты 22 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары былтырғы жылдың қараша айында басталып, жүргізілуде. Жоба бойынша тұрғын үй ішкі алаңдық инженерлік желілерімен бірге қарастырылған.
Тараз қаласының әкімдігі.
Ұқсас жаңалықтар
Өңір жұртшылығы референдумға белсене қатысты
- 17 наурыз, 2026
Жамбылдық оқушылар үздік команда атағын ешкімге бермей келеді
- 16 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




