Кадастрлық төлқұжат – бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрынан алынған мәліметтерді қамтитын құжат. Құжатта мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмір, салынған жылы, үйдің сериясы, ғимараттың қабат саны, пәтердің қабаты, ауданы (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлме саны және қабырға материалы көрсетіледі.
«2024 жылы жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеуге 20 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, уақытылы орындалды. Сондай-ақ, кадастрлық төлқұжат және техникалық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар беру қызметі бойынша 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 пайыз өсім байқалады», – деп атап өтті жер кадастры басқармасының басшысы Берік Мұқанов.
Айта кетейік, кадастрлық төлқұжат негізінен жаңа жылжымайтын мүлік объектілері үшін рәсімделеді, ал қайталама нарықта – меншік иесінің қалауы бойынша немесе қайта жоспарлау, қайта құру және қайта жабдықтау кезінде рәсімделеді.
Жер учаскелеріне кадастрлық төлқұжат мақсатты пайдалануды, сипаттамаларды, бөлуді, біріктіруді немесе алдыңғы актіні ауыстыруды өзгерту кезінде жасалады.
Кадастрлық төлқұжат алуға өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




