Бұл заманауи кешен кәсіби және әуесқой спортшыларға арналған. Мұнда бірнеше спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған.
Кешеннің ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қат ар аудан әкімі Бегзат Болатбеков те қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді алған Бегзат Сейсенқұлұлы осы жерден тек ауданымыздың емес, еліміздің абыройын асқақтататын спортшылар шығатынына сенім білдірді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше мән берілетінін айрықша атап өткен болатын. Осы бағытта ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі ашылып отырған спорттық-сауықтыру кешені де осы игі істердің жемісі. Құрметті ауыл тұрғындары, ендігі кезекте осы нысанды тиімді пайдаланып, оның мүмкіндіктерін толықтай жүзеге асыру сіздердің қолдарыңызда. Спорт кешені ауылымыздағы көптеген жарыстар мен жаттығулардың орталығына айналатынына сенемін. Спорт кешені тек жеңістермен жетістіктердің куәсі болсын! – деді ол.
Ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауыл қариясы Құрманғазы Жетігенов жерлестерін жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ізгі-тілегін жеткізді. Нысанның лентасы салтанатты жағдайда қиылды.
Жаңа кешен екі негізгі бөліктен тұрады. Бірінші қабатта футбол манежі, спортзалы және ауыр атлетика залы жабдықталса, екіншісінде бокс пен күре ске арна лған залдары бар. Сонымен қатар, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, жаттықтырушылар кабинеттері және медициналық көмек көрсететін орында қарастырылған. Спорт кешенінің ашылу салтанатына орай ауыл жасөспірімдері арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Жаңа кешенге аудан әкімі футбол доптарын сыйлады.
Атап өтерлігі, бүгінгі таңда ауданда үш спорт мектебі және екі балалар мен жасөспірімдер спорт клубы жұмыс істейді. Аталған спорт мектептерінде үш жарым мыңға жуық оқушы тартылған. Ауданда жалпы 11 спорт кешені жұмыс істейді. Спорт нысандарының барлығы ауыл тұрғындарына спортпен айналысуына қолжетімді. Нәтижесінде ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 50 мың адамға жетіп отыр. Ал, Қарасайдағы жаңа спорт кешені бұл көрсеткіштің артуына септігін тигізетіні анық.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді