Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бағлан Әбілдаеваның айтуынша, шаһар аумағында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясына 156 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан. Оның 3722-і еңбек ардагерлері болса, 4122-і үкіметтік емес ұйым мүшелері, 3122-і жеке кәсіпкерлер, қалғандары қала тұрғындары.
– Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев еліміздің белді басылымдарының бірі – «Ana tili» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатында «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін» деп атап өткеніндей, акция басталған сәттен-ақ тараздықтар оған өз үлестерін барынша қосып, бұл үрдіс әлі күнге жалғасын тауып келеді. Мәселен, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Бәйтерек» шағын ауданындағы аллея мен ондағы каналдың бойында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған эко-акцияға облыстық және қалалық жастар, Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, волонтерлар және «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Акция аясында 250-ге жуық қала тұрғыны белсенділік танытты, – дейді ол.
Бұдан бөлек, «Жасыл ел- Тараз» мекемесі мен қалалық волонтерлар с анит арлық- тазалық жұмыстарын «Мамыр» тоғайында жүргізген. Қала бойынша ұйымдастырылған сенбілікке 2 жүк көлігі мен 3 трактор жұмылдырылған. Тал бұталары мен жиналған күл- қоқыс техникаларға тиеліп, арнайы орынға шығарылған. Ал, «Сенкібай» каналының бойында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 200-ге жуық қала тұрғыны атсалысып, 2,5 тонна қоқыс шығарылып, 80 метр каналдың бойы тазаланған. Бұл жұмыстар бүгінгі күні де өз жалғасын табуда.
– Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Жолдауында «Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек» дейді. Міне, осы қасиетті ел санасына сіңіру бізге жүктелген міндет. Халқымызда «Тазалық – саулық кепілі» дегендей қоршаған ортамызды таза ұстау барша қала тұрғындарының міндеті. Жалпы, шаһарда тазалық айлығы өткен жылдың көктемінен бастап, Президентіміз тапсырған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған сәттен бері тұрақты өткізіліп келеді. Бұл шара өткен аптада да ұйымдастырылып, халық белсенділік танытты. Бір атап өтерлігі, қасиетті Тараз өңірінде мұндай тазалық жұмыстары тұрақты түрде қоғаммен бірге жасалып келеді, – дейді Бағлан Әбілдаева.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қала тазалығы қашанда назарда. «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық орындар мен аялдама, саябақтар айналасын қоқыстан арылтып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, көпқабатты үй аумағындағы және негізгі жол бойындағы талдарды әктеу жұмыстарын да талапқа сай атқаруда.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді