Облыс орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы санаторийдің ғимаратын осы мақсатта алдық, енді сол жерден Академия ашпақпыз. Білім беру ісі бойынша лицензия алып, өз облысымыздан жоғары білімді дәрігерлерді дайындап шығарсақ деген ниеттеміз. Жас мамандарды оқытып дайындайтын оқу орнын ашу да оңай емес, интерактивті тақталар, компьютерлендіру, жасанды интеллект деген секілді қазіргі заман талабына лайықты құрал-жабдықтармен толықтай жарақтандыру керек. Сонымен қатар, студенттерді оқытуды өз міндетімізге алған соң оларды жатақханамен қамтуға да жауаптымыз. Ал, зертхана секілді оқуға қажетті бөлмелері мен лекция, спорт залдары үшін орталықтан 4 қабатты ғимарат салып жатырмыз. Біз өз арамызда 2025 жылды Медициналық академия жылы деп қойдық.
Жаратқан Иеміз сәтін салып, осы ісіміз табысты жүзеге асса, алдымен өз өңірімізді дәрігер жетіспеушілігінен арылтуға мүмкіндік туады деген ойдамын. Негізі өмірде уақыт жылжыған сайын кем-кетікті толықтырып, даму, өркениетке жақындау жүзеге асырылады емес пе. Біздің де көздегеніміз – сол, яғни еліміздің медицина саласы білікті дәрігерлермен толықтырылса, адамзат үшін басты байлық саналатын денсаулықты нығайтуға күш салсақ дейміз.
Жаңа жыл елімізге жақсылығымен еніп, әрбір отбасының бақыты еселеніп, әркімнің ойлаған игі жоспары жүзеге асуын тілеймін. Ешкім ауырмасын, балалар жыламасын! Өркениет биігіне бірге жетейік!
Сейтхан ЖОШЫБАЕВ,
кардиолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Ұқсас жаңалықтар
Кинематографиядағы Тарантино феномені
- 16 қаңтар, 2025
Азаматтық бастамалардың әлеуеті зор
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді