Алдымен халық қалаулысы Жамбыл ауданындағы тарихи-өлкетану музейінде желтоқсаншылармен, өңір мұғалімдерімен және жастармен «Вейп – ел жастарының ермегіне айналмауы тиіс» атты тақырыпта кездесу өткізіп, пікір алмасты. Одан кейін аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты. Ал, Байзақ ауданында №7 орта мектепте болып, Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған мектептің жұмысымен танысты. Онда бүгінгі күні 700 оқушы білім алуда.
Тараз қаласында халық қалаулысы Нұргүл Тау өңірден шыққан кәсіпкер әйелдермен «Анаға тағзым» орталығында жүздесті. Кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта келіп, бүгінгі күні кәсіпкерлікке бет бұрған әйелдердің үлесі артып келе жатқанын мақтанышпен жеткізді.
Кәсіпкер әйелдер шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде қордаланған мәселелерді көтеріп, ойларымен бөлісті. Отандық бизнесте бәсекелестік ортаның жоқтығы, әкімшілік кедергілердің көптігі, кәсіпкерлер өз өнімдерін ірі сауда орталықтары талап ететін тиісті сертификаттардың болмағандығынан шығара алмай отырғандығын сөз етті. Сонымен қатар, балабақша мен мектептердегі тамақтану жайы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, іскер әйелдер өз тәжірибелерімен де бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді