Жаңалықтар
Таразда құрылысы аяқталмаған мектеп ғимаратынан өрт шықты
- author «Ақ жол»
- 5 қаңтар, 2025
- 1.6k
Тараз қаласында «Ұлы дала» шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан үш қабатты жаңа «Жайлы мектеп» ғимараты өртенді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
"Пайдаланылуға берілмеген мектептен 112 пультіне шақырту келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте мектептің бірінші қабатынан қалың түтін шығып жатқан. Осы сәтте құрылысшылар өз бетінше сыртқа шыққан. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болуы мүмкін", - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




