Баршаңызды жаңа 2025 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл әрбір үйге тыныштық, береке және молшылық әкелсін. Сіздерге денсаулық, бақ- береке және кәсіби табыстар тілеймін. 2024 жыл еліміз үшін маңызды кезең болды, әрі біз осы уақыт ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеміз.
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы 2024 жылды Лайықты еңбек жылы деп жариялады. Осы жыл аясында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесіне және еңбек адамдарына лайықты жағдай жасау мақсатында облыстық кәсіподақ бірлестігі тарапынан жыл басынан бері аймақтағы бірқатар еңбек ұжымдары және жұмыс берушілермен кездесулер өткізіліп, өзекті мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, кәсіподақ қызметіндегі ерекше басымдыққа ие бағыттардың бірі – Әлеуметтік әріптестік. Бұл бағытта да экономиканың әртүрлі 14 саласын қамтитын облыстағы 124 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар кәсіподақ ұйымдары өз белсенділігін танытумен қатар, еңбек адамының құқығын қорғауда, лайықты еңбек жағдайын жасауда өзекті мәселелерді алға тартып келеді.
2025 жылда да бірлескен күш-жігеріміз бен ынтымақтастығымыздың арқасында жаңа биіктерге жететінімізге сенімдімін. Кәсіподақтар бірлестігінің негізгі міндеті – жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және бұл міндеттерімізді бірге атқару бізге үлкен қуаныш пен абырой әкеледі.
Сіздерге еңбек жолында табыс, отбасыларыңызға амандық және жаңа жылда жаңа мүмкіндіктер мен жеңістер тілеймін!
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл Қазақ еліне құт әкелсін!
- 31 желтоқсан, 2024
Елге тағылымы да, табысы да мол болсын!
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді