Атап айтқанда, Қарабастау ауылында 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Тасбастау және Ынтымақ ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза қатысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасты.
Жаңа әлеуметтік нысандарда дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған кабинеттер қарастырылған.
Айта кетейік, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілді.
Жуалы ауданындағы Қарабастау, Тасбастау, Талапты, Ынтымақ және Шымбұлақ ауылдарында денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, 2024 жылғы жоспар толық орындалды.
Жалпы, Жамбыл облысында биыл 24 медицина нысанын салу көзделген. Бүгінге дейін 14 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




