Қордай ауданында полиция бөлімінің жаңа ғимараты ашылды
- author «Ақ жол»
- 31 желтоқсан, 2024
- 1.7k
Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков, аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Уәлихан Ағыбаев, құқық қорғау с а ласының қызметкерлері және ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Заманауи ғимарат құқық қорғау саласының тиімділігін арттыру мақсатында бой көтеріп отыр.
–Жаңа нысанда полицейлерге қолайлы жағдай жасалған. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бойынша тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік берері сөзсіз, – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары полиция қызметінің сапасы одан әрі артатынына сенім білдірді.
Бұдан соң полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин сөз алып, әріптестерін халыққа адал қызмет етуге шақырды.
Іс-шарада қордайлық полицейлерге 5 қызметтік автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды.
Бұл күні Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылында да полиция бөлімі ашылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




