«ҚазПроТемір» компаниясы «Тараз» индустриялық аймағының аумағында қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару, жұқа мырышталған және полимерлі жабыны бар болатты өндіру бойынша зауыт салуда.
Өндіріс ошағы жылына 500 мың тонна болат дайындамаларын шығаруға қуатты.
Жобаның құны 55,4 миллиард теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта зауыт аймағы толығымен бетон қоршаумен қоршалған. Ішінара жолдар салынуда. Ұңғымалар орнатылып, іргетас шұңқыры қазылды.
2025 жылдың мамыр айында іске қосылатын жобаның бірінші кезеңін салу үшін жер жұмыстары аяқталды. Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ. Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған. Кәсіпорын Қытайдан келетін құрал-жабдықтардың алдын ала төлемін жасады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




