Ел бақытын еселеген әулеттердің кеңеюімен бүгінде Тараз халқының саны 430 мыңға жетті. Осыған орай шаһарымыз да кеңейіп, қос ауданға бөлінді.
– Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде халық саны бүгінде 20 миллионнан асып, үлкен демографиялық көрсеткішке қол жеткізіп келеміз. Көне шаһар – Тараз тұрғындарының да саны артып, 430 мыңға жетті. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің елімізде әйел азаматының орны биік екенін айғақтайды. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашан да аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір айқын көрінісі. Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында жалпы 2753 көпбалалы ана «Алтын» және 2516 ана «Күміс» алқаларымен марапатталды. Бүгін біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 21 қарашадағы №711 Жарлығы бойынша 6 көпбалалы анаға «Алтын» және 24 анаға «Күміс» алқаларын табыстап отырмыз. Аса қадірлі аналар, аяулы қарындастар, сіздерге ғажап ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға мол бақыт тілеймін, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Жаны нәзік, жолы жіңішке болса да дүниеге ұрпақ әкеліп, шаңырағының ынтымағын ұйытып отырған аналар қандай құрметке де лайық. Себебі барлық адам жарық дүниеге алғаш көзін ашқанда ананың ақ жүзін көріп, өмірді таниды, ананың ақ сүтімен бойына ізгі қасиеттерді сіңіреді, ананың әлдиімен санасын қалыптастырып, тіпті тілі де «Ана» деген асыл сөзбен шығады.
– Адамға қажетті ізгіліктің, парасаттылықтың, бірліктің, бауырмалдылықтың алтын ұясы – отбасы. «Балалы үй – базар» дейді халық, көпбалалы отбасы – берекенің ордасы. Елі үшін аянбай ерлік көрсететін батырлар да, еңбектің қазанын қайнатқан қайраткерлер де, хан да, қара да анадан туып, тәлім алып шығады. Расында, «Алып – анадан туады». Өзім де көпбалалы отбасынан шыққан, ата-анамның он төртінші перзентімін. Көпбалалы отбасы–біздің мақтанышымыз. Халқымыздың даналығында «Артыңда ұлың қалса – ізің қалады, қызың қалса – көзің қалады, көзің қалса – сөзің қалады» дейді. Артымызда қалатын ізіміз ізгі, көзіміз нұрлы, сөзіміз сүбелі болсын. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыз өнегелі тұлға болып өсіп, елімізді өркениет биігіне жеткізер тұлға болсын, – деді Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай.
Алтыннан алқа тағынып, құшағы гүлге, көңілі қуанышқа толған аналар құрмет көрс еткен елге, марапатт аған Мемлекет басшысына, жергілікті билікке ризалық лебіздерін жеткізді.
– Жаратқаннның бергендеріне шүкір, алты ба ланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырғаным үшін бүгін үлкен марапатқа ие болдым. Отан – бәріміздің ортақ үйіміз. Сол Отанды қорғайтын, мемлекетімізді дамытатын азаматтар дүниеге келіп, парасатты болып өссін деген тілектеміз. Осындай құрмет көрсеткен еліме алғысым шексіз. Өзім де 12 ағайындымын, босаға аттаған жұртым да 10 балалы отбасы. Өрісті кеңейтіп, әулетті өсіріп, ұлтымыздың абыройын асыратын аналардың қатары арта берсін, – дейді батыр ана Гүлнұр Кубеева.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Аға буынның айтары көп
- Бүгін, 01:55
Жамбылға электр жарығының жеткеніне жүз жылдан асты
- 24 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді