Энергетиктер үшін бүгін ерекше күн. Бұл саланың ел экономикасына қосып отырған үлесі зор. Біз бір күнді де жарықсыз елестете алмаймыз. Сіздердің еңбектеріңіз қай кезде де құрметке лайықты. Жалпы, бұл сала қызметкерлерінің электр желісінде орынсыз олқылықты болдырмау үшін жұмыс барысында түбегейлі ұтымды шешім қабылдау маңызды. Себебі, электр жүйесінің тұйықталуы мен зақымдалуын уақытында қалыпқа келтіруде түрлі қиындықтар кездесетіні рас. Ісі мен сөзі сай келіп, білімі мен білігі ұштасып, жауапкершілік жүгін арқалағандардың қатарында бүгінгі өздеріңіз сияқты мамандардың барына біз қуанамыз, – деді Қанатбек Мәдібек.
Жиын соңы марапатқа ұласты. Үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Жаңатас-Су-Жылу» мекемесінің бас инженері Ерлан Нұрмаханов марапатталса, еңбекте еңбегі ескерілген бірқатар энергетиктер «Ерен еңбегі үшін» және «Электр энергиясы саласына қосқан үлесі үшін» медальдарымен, сондай-ақ басқа да арнайы төсбелгілермен, Құрмет грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді