Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және мемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекетіміздің бейнесі және айнасы деп айтсақ та артық емес. Мемлекеттік қызметкер қызмет барысында тікелей қоғаммен жұмыс жүргізеді және әртүрлі тұлғалармен үнемі байланыста болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім үлгісі, іс-әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттері – барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек.
Олар мемлекеттік қызметтердің көп түрін көрсетеді, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін (шағым) қарайды және оларға жауап береді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тіркеуші органдардың, басқа да субъектілердің қызметіне тексерулер жүргізеді және тағы да көптеген қызметтерді көрсетеді, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, сыртқы келбеті мен әдеп нормалары маңызды рөл атқарады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен 2024 жылғы 1 желтоқсанына 80 919 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау – 78 524 және медициналық-әлеуметтік сараптамамен куәландыру – 2 395.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне 153 тексеріс жүргізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындауына бақылауды күшейте түсу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттердің талабын орындау бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар 2024 жылға арналған жоспар негізінде жыл бойына жүзеге асырылуда.
М. ДИЛДАБЕКОВА,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Қауіпсіздікті сақтау қай кезеңде де маңызды
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді