– Ауыз су – ауылдықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Алайда, дәл осы мәселе Төле би ауылының батыс бөлігінде көптен бері шешілмей келе жатқан түйткіл еді. Бұдан былай мұндағы тұрғындар сапалы ауыз суды пайдаланады. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне жаппай қосылуы тиіс. Бұл – ауылдықтардың сапалы ауыз су тұтынуына жол ашса, екіншіден жауапты мекеменің жұмысын жүйелі етуге сеп болады, – дейді аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков.
Мерейлі мерекеде Жаңақоғам ауылдық округіндегі ауыз су мәселесі де шешімін тапты.
Айта кетейік, Жамбыл облысында өткен жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,9 пайызды құраса, биыл жыл қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш 98,1 пайызға жетеді. Осы жылы 37 ауылдық елді мекенге тіршілік нәрін тарту көзделген.
«Aq jol-Aqparat».
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




