Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Ермек Карентаев құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға мықты денсаулық тіледі. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов жаңа мекеменің ашылуы тұрғындардың дер кезінде емшара алуына айтарлықтай септігін тигізетінін атап өтті. Сарыөзек ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рысқұл Адашев осы ғимараттың құрылысына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, батасын берді. Бұдан кейін, ресми лента қию рәсімі өткізіліп, символикалық кілт табысталды.
Айта кетейік, Мойынқұм ауданында 23 денсаулық сақтау нысаны бар. Тәуелсіздік жылдарында салынған аталған нысандардың халық игілігін көріп келеді.
Нұрәбіназ МЫРЗАБЕК.
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




