Үздіктерді анықтаған жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Барша жастарға ел үмітін ақтап, туған халқының мүддесі үшін атқарып жүрген қызметтеріне сәттілік тілеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстың 85 жылдығын абыроймен атап өтуде аймақ жастарының қосқан үлесі мен белсенділігі айрықша екенін атап өтті.
– Жастар – қай кезде де қоғамның қозғаушы күші, мемлекеттің дамуына серпін беретін қоғамның бір бөлігі саналады. Сол себепті, елімізде жастар мәселесі басты назарда. Мемлекет тарапынан көрсетілер қолдау әр кезеңде де ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, жастардың ұранына айналды десек, қателеспейміз. Биылғы жыл еліміз бен өңіріміз үшін ерекше бастамалар мен тың өзгерістерден басталды. Яғни, мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын өңірімізде іске асыру мақсатында бірқатар игі жобалар қолға алынды. Сондай-ақ, саланы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артты. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге басымдық беріліп, 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Нәтижесінде, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күні 3 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткішпен біздің өңір 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала ішінде алғашқы ондыққа енді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін 344 жас қайтарымсыз гранттың иегері атанса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Биыл өңірде әдебиет пен өнерді қолдауға бағытталған поэзия, проза, драматургия, сатира саласында «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби конкурсы ұйымдастырылды, – деген Ербол Шырақпайұлы шығармашыл жастардың әлеуетіне жаңа леп беру мақсатында алдағы 2025 жылды кітап оқу жылы деп жарияланатынын айтты.
– Кітап – ең құнды қазына. Сол себепті, біз «Тараз – кітап оқитын қала» жобасын бастаймыз. Барлықтарыңызды сол жобаға қолдау көрсетіп, белсенділік танытады деген сенімдемін. Биыл алғаш рет жастар бастамаларын қолдауға 1 миллион теңгеден 10 номинация бойынша, «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттарына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстап отырмыз. Облыс жастарының белсенділігін атап айтқым келеді. Әсіресе, ерікті жастарға бөлек алғыс айтамын. Бүгінде облыста 10 мыңнан астам еріктілер бар. Олардың өңіріміздегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүргені қуантады. Биыл 24 мың ерікті мыңнан астам іс-шараға қатысты. Әрбір осындай іс ізгіліктің барлық қасиеттерін тәрбиелеуге өз септігін тигізері анық. Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Жас буын мемлекеттің саясатына белсенді араласып, ел экономикасындағы өзгерістерге қызығушылық танытуы тиіс. Мемлекет басшысының әрбір игі бастамаларының барлығы сіздер үшін жасалуда. Бүгінгі шараның да мақсаты сол – өңірде әр салада өзіндік орнын тауып, жетістікке жеткен жастарды қолдау. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар – алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! Егемендігіміз еңселі, елдігіміз ғұмырлы болсын! Отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, – деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.
Өңірімізде «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы да жастарды қолдауға бағытталып, іске асырылып келеді. Өткен жылы бағдарлама аясында 2 миллиард теңгеге 144 жас үйлі болса, биыл да 140 жасқа баспана кілті табысталмақ. Облыс әкімі өз сөзінде аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табатынын айтты.
Облыс әкімінің сыйлығына ие болған үздіктердің қатарында әріптесіміз, газетіміздің тілшісі, жас ақын Арайлы Жақсылық та бар. «Үздік жас ақын» номинациясына ие болған Арайлы Серікқызы еңбектің еленгеніне ризашылығын білдіріп, туған өлкеге арнаған өрнекті өлеңін оқып берді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді