Осы ретте отбасы институтын жетілдіру, оның тірлігін нығайтудың маңызы зор екені анық. Дәл осы тірлікті тиянақты іске асырған жағдайда әр аймақта айрандай ұйыған отбасы қалыптасатыны түсінікті. Ал, жақсы отбасыдан жат мінез ұрпақ өсіп шықпайтыны ақиқат. Бұл тұста балалар үйі мен арнайы орталықтардың жұмысын заманға сай ұйымдастырып, қалыптастыра қолға алынғаны дұрыс. Ал, арнайы орталықтардан бала асырап алуға ниет білдірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау, себебін біліп, салдарын жою – айналып келгенде ел келешегі саналатын ұрпақты кемел өсірудің алғышарттары. Облыстық кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысушылардың ұсыныс-пікірі осыған саяды.
Жиын барысында ең әуелі сөз алған облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының» директоры Эльмира Мырза-Ғали бала құқығын қорғау ісінде ата-ананың, қоғамдық ұйымдардың, арнайы орталықтар мен жеке тұлғалардың атқарар жұмысы аз емес екенін атап өтті. Ол өз сөзінде болашақта ел тірегі болар жас өскіндерді қолдау, олардың қалыптасу жолында құқықтарын қорғау – баршаның міндеті екенін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласы мен Байзақ, Жуалы және Жамбыл аудандарындағы арнайы орталықтар тіркеуден өтіп үлгерді. Қазіргі күні аталған орталықтар орналасатын ғимараттары анықталып, қызметін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, кейінгі жылдары елімізде Юнисеф, халықаралық Қызыл Крест ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдар балалардың құқықтарын қорғау, білім алу және денсаулық сақтау саласында түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Өз кезегінде бұл ынтымақтастық аясында балалардың құқықт арын қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер мен ресурстар ашылуда. Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеге иек артқан құзырлы орган өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде. Тәртіп сақшылары аналар мен балалар мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдарды алмасу мақс атында с ақ болуға шақырады. Олардың сөзінше, Telegram каналы арқылы қосымша сайттар мен түрлі ойындарға кіріп кететіндердің хабары көбейген.
Басқосу барысында облыстық полиция департаменті бастығының орынбас ары Бауыржан Жанаев ата-аналар мен балалардың смартфондарынан осынау жүйені алып тастау бойынша алгоритм дайындаудың маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, TikTok әлеуметтік желісінде жеке аккаунттармен және авторлар қауымдастығымен балаларға арналған құқықтық тәрбие аясында түрлі бейнехабарлар әзірленуі тиіс. Сондай- ақ, ол жасөспірімдердің өз ойын ашық білдіруіне және олардың аудиториямен байланыс орнатуына қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді