«Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған лауазымдарға конкурс жарияланады
- author «Ақ жол»
- 10 желтоқсан, 2024
- 409
Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35.
Лауазымдық міндеттері:
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың өмірлік қиын жағдайларда, оның ішінде буллингке байланысты әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін коммуникация құралы арқылы алғашқы шұғыл консультация жүргізеді;
жұмыс барысында жүргізілген психоконсультация жазбалары ешкімге берілмейді, ешқандай формада ақпарат таратылмайды, қатаң құпиялылық сақтауға міндеттеледі (қандай жағдайда болмасын психологтың ар- намыс кодексіне сәйкес басқа мамандарға (құқық қорғау, медицина, білім беру т.б. салалары) айтылмайды;
хабарласқан адамдарға психологиялық көмек көрсету үшін консультациялар жүргізеді, психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу көрсетеді, ұсынымдар жасайды;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психокоррекциялық және консультациялық) көрсету жөнінде шаралар қабылдайды;
консультация уақыты 30 минут, қажет болған жағдайда келесі консультация күні мен уақыты белгіленеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерде қауіпті оқиғалардың (аутодеструктивті (суицид) мінез-құлық, жүктілік, буллинг/кибербуллингке, бопсалауға ұшырау т.б.) алдын алу мақсатында қажет жағдайда (ситуацияға байланысты) алдын алу мақсатында 102, 103, 112 телефон нөмірлеріне шұғыл хабарлап, ақпарат береді;
ОПҚО-ның сенім телефонының дұрыс әрі кәсіби түрде жолға қойылуына қатысады, өз үлесін қосады;
өзінің кәсіби біліктілігін арттырады;
орталықтың психологиялық бөлімінің жұмыс жоспарында көзделген семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шараларды өткізуге қатысады;
компьютерлік сауаттылыққа, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікке ие;
белгіленген нысан бойынша жұмыс және есептік құжаттаманы жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды орындайды;
ОПҚО-ның ішкі ережесіне бағынады, лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасы ның Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және т.б. білім беру са ласын дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер;
тұлға психологиясы, даму, дифференциалдық, әлеуметтік психология,
балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;
психотерапия, психогигиеналық, мансаптық басшылық, психодиагностика,
психологиялық кеңес беру және психо-мамандар негіздері;
қазіргі заманғы әдістер жеке және топтық баланың дамуын
консультациялар, диагностикалау және түзету;
белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік- психологиялық
негіздері;
педагогикалық этика нормалары;
психологиялық және педагогикалық ғылымдар мен практиканың
жетістіктері;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық
ережелер мен нормалар;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі
педагогикалық білім («Психология» немесе «Психология және педагогика»);
психологиялық-педагогикалық жұмыс және (немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне байланысты 134 138 теңгеден бастап.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35, «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» 1 қабат, тел.:87076291227 psihologialyq.qoldau.ortalyghy@ yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс:
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 13.12.2024 ж., Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.
Ескерту: Біліктілік талаптары «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің арасында білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық салалық комиссиясының 2024 жылғы 05 қыркүйектегі №10/24 хаттамасына сәйкес бекітілген.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде өткізіледі. Сондықтан, кандидаттар тестілеуден өту үшін жіберілген жағдайда конкурсты өткізу күні өзгертіледі.
Осы қызметке орналасқандарға көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және басқа да жеңілдіктер көрсетілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді