Форумға азаматтық қоғам белсенділері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құра лдарының өкілдері, білім саласының мамандары мен студенттер қатысты. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арна лған тұжырымдамасында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: жастар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқа да азаматтарды кеңінен тарту керектігі» айтылған. Бұл бағытта облыс әкімдігі тарапынан тиісті іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жиында алғашқы болып сөз алып, аталған іс-шаралар туралы кеңінен сөз қозғады.
– Бүгінгі қоғамға ауадай қажеттің бірі – адалдық. Әсіресе, жастарды шыншылдыққа тәрбиелеп, туған жердің топырағына мейлінше қалтқысыз қызмет етуге баулу басты назарда. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Қазір ғылым мен білімнің заманы. Сондықтан да дарынды, талапты және еңбекқор, адал жастар – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болатыны барлығымызға белгілі. Хакім Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайтыны сөзсіз. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір жас азамат адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасауымыз қажет. Соның ішінде, бала тәрбиесіне тек ата- ана, мұғалім ғана емес, қоғам болып атсалысуымыз керек. Оқушылар мен жастарымызға зиялы қауымның, ақс ақа л-абыздарымыздың сөзі өтімді болуы тиіс. Бұрынғыдан бізге жеткен «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей», деген сөз бар. Сондықтан жастарды адалдыққа баулу өте маңызды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Адал адам» концепциясының білім ошақтарына да тікелей қатысы барын нұсқап, «Балалар арасында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, Адал азамат болып шығуы керек», – деді. Әділеттілік пен адамгершілікті баланың бойына мектеп жасынан сіңіріп, олардың болашақта адал еңбекпен елге қызмет етуін бала жастан қамтамасыз ету – бүгінгі білім беру орындарының басты міндеті, – деді Серік Жақсылықұлы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Біз азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыратын, барша әлемнің кәсіпкерлері, инвесторлары мен талантты адамдары қызығатын ашық әрі дамыған экономика құрамыз. Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді. Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді» деп, адалдық қағидатының маңыздылығына ерекше тоқталып өткен болатын. Осы бағытта қоғамда адалдық қасиеттерін насихаттау, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында аталмыш форумның өтуіне мұрындық болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департ аменті жүйелі жұмыстар атқаруда. Өз кезегінде департ амент басшысы Дәурен Омаров жиын барысында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
– Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен мүмкіндіктерін жою және қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған стратегиялық құжат, яғни «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында кешенді жұмыстар қолға алынған. Мәдениет қалыптасыру бағытында мемлекеттік басқару Академиясы базасында 200-ден астам мемлекеттік қызметшіге біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары кезінде сыбайлас жемқорлықпен күре с тақырыбында лекциялар өткізілді. Сондай-ақ, мәдениет қалыптастыру бағыты бойынша 250-ге жуық семинар, кездесу, конференция және форумдар өткізілді. Оқу орындарымен бірлесіп жастардың қатысуымен адалдық пен парасаттылық құндылықтарын күшейту мақсатында 80-ге жуық іс- шара өткізілді. Ерекше атап өтерлігі, Жамбыл өңірінде бастау алған «Парасат елшісі» республикалық байқауы аясында екі ай ішінде ел аумағында 100-ге жуық іс-шара өткізіліп, 5 мыңға жуық адам қамтылды. Сонымен қатар, департамент «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық жобасы» аясында белсенді жастар мен волонтерлардың қатысуымен 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Волонтерлардың қатысуымен 200 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделіп, 1 мыңға жуық тұрғынға тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Сондай- ақ, «Адалдыққа бір қадам» акциясы аясында аудандарда әр ауылдық округ тұрғындарына дейін іс-шаралар ұйымдастыру арқылы, облыстың 50 мыңнан астам тұрғынына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде агенттіктің 1424 call-орталығына келіп түсетін хабарламалар саны артып отыр, – деді Дәурен Даниярбекұлы.
Жастардың бойында адалдық қасиетін қалыптастыру, сапалы білім алуға шақыру және парасатты тұлға болудың маңыздылығын ұғындыру бағытындағы маңызды жұмыстар жоғары оқу орындарына жүктелген. Оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» клубтары бұл бағытта біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бұл тұрғыда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының да атқарып жатқан істері аз емес. Осы ретте сөз тізгінін алған институт ректоры Махметғали Сарыбеков дәл осы күннен бастап Тараз инновациялық институты бір жарым жылға жуық жүргізілген жұмыстар нәтижесінде университет статусын иеленгені жөнінде сүйінші хабарды көпшілік алдында жария етті.
Облыстық департамент жергілікті жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірлесіп, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Асанбай Асқаров және Жақсылық Үшкемпіров сияқты тарихи тұлғалардың мұрасына арналған бейнедәрістер әзірлеп, оны облыстағы барлық білім беру мекемелеріне таратып, тиісті ағарту жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы үрдісті жалғастыра отырып, биыл Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институты Тұрар Рысқұловтың мұрасына арналған кезекті бейнедәрісті әзірлеп, іс-шарада туындының тұсауы кесілді.
Одан әрі әділетті Қазақстанды құру жолында өзіндік орны бар «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев сөз алып, аталған ұйымның адалдық жолында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Бұдан кейін, көпшілік назарына Тараз қаласындағы №39 мектеп- гимназияның «Адал ұрпақ» клубының «Заң бәріне ортақ» сахналық қойылымы ұсынылды. Шара соңында өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және парасаттылық қағидаларын нығайтуға үлес қосқан қоғам белсенділері облыс әкімінің алғыс хатымен, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хатымен бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын ауыл
- 24 желтоқсан, 2024
Қала шетіндегі ауылдар игіліктен шет қалмайды
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді