Облыс орталығында өткен арнайы шара барысында партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары қаладағы дүкендер мен дәріханалардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталуын назарға алды. Мұндағы мақсат – ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Бұл күні арнайы құрылған топ мүшелері «Алатау» шағынауданындағы «Фиркан 24», «Тәтті себет» азық-түлік дүкендер желісі мен «Садыхан» дәріханасының ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған жағдайларды зерделеді. Нәтижесінде, бұл аталған нысандардың ешқайсысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалмағаны анықталды. Яғни, автотұрақтары талапқа сай емес, таклильді жолақтар мен брайн жазулары мүлде қарастырылмаған. Сол секілді кассаларында қол арбамен жүру тіпті мүмкін емес. Десе де «Береке банк» ғимараты барлық талапқа сай болып шықты.
Зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер бойынша партияның облыстық филиалы тарапынан құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар берілетін болды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл - шабыттың кілті, шынайылық пен рухтың алып бәйтерегі
- 23 қаңтар, 2025
Сұрапыл соғыста сынға түскен жамбылдық дәрігер
- 21 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді