Сонымен қатар, 100,7 миллион теңге Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру жұмыстарына байланысты «Жанатас-Су-Жылу» мекемесі тарапынан тексеру, қабылдап алу жұмыстарының қазан айындағы тиісті рәсімделген құжаттары толық бітпеуі салдарынан, ал 13,3 миллион теңге аудан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резервіндегі қосымша құн салығынан үнемделген.
Қаңтар-қазан айларының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы төмендегідей қалыптасып отыр.
–Өнеркәсіп саласында 71,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,1 пайызға орындалған. Өнеркәсіп өндірісінің басым бөлігі фосфор өнімдерін өндіру. Минералды тыңайтқыш зауыттарының фосфор өніміне сұранысы төмен болғандықтан, өндірілген өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 миллиард теңгеге төмендеген. Негізгі капиталға 31,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66,4 пайыз болды. 2023 жылы «Шоқпар ВЭС» ЖШС-ның жел қондырғылары толығымен орнатылып, 2023 жылғы салынған инвестиция көлемі 2024 жылғы салынған инвестициялан 14,2 миллиард теңге айырма бар. Осының салдарынан 2023 жылдың тиісті кезеңінде инвестиция көрсеткіші жоғары болған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,5 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 18,2 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132,6 пайызға асыра орындалды. Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 17 964 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады. Бөлшек сауда тауар айналымы 3,6 миллиард теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112 пайызға артығымен орындалды, – деді Сәкен Үмбетұлы.
Аудан әкімі Жаңатас қаласындағы 527 нысанның орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғанын айтты. Досбол, Шағалалы, Тоғызкент, Майлыкөл және Әбілдә ауылдарындағы 376 жеке тұрғын үй табиғи газды пайдаланып отыр екен. Қалған 4755 жеке тұрғын үй мен 124 әлеуметтік нысан көмірмен және сұйық отынмен жылытылады. Әлеуметтік нысандарға 8457 тонна көмір мен 413 тонна сұйық отын толығымен жеткізіліп беріліпті.
Аудан дамуындағы өзге де көрсеткіштерді айтқан Сәкен Мамытов журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ауданда атқарылған жұмыс көп
- 3 желтоқсан, 2024
Қаланың даму жоспары жүйелі орындалып келеді
- 2 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді