Министр Қайнар ауылында Қордай ауданының 3800 гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының құрылысын көрді. Жобаны келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Министр нысанды суару кезеңінде пайдалану үшін мерзімінен кешіктірмей қолданысқа беруді тапсырды.
Одан әрі Нұржан Нұржігітов «Көкқайнар-Ақсу» автомобиль жолындағы көпірді су басуының алдын алу үшін Шу өзені жағалауының 1,8 шақырымын нығайту жоспарымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен елді мекендерді су тасқынынан қорғау іс-шараларын талқылады.
Тасөткел су қоймасында министр нысанды реконструкциялау нәтижелерімен танысты. Бүгінгі таңда жер және бетон жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, каналдарды жөндеу, дабыл және бейнебақылау жүйелерін орнату, кірме жолды жөндеу толығымен аяқталды. Тек нысанды сынақтан өткізу жұмыстары ғана қалды.
«Соңғы үш жылда Тасөткел су қоймасында үлкен жұмыс атқарылды. Бұл бізге алдағы екі-үш жылда 620 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз су қоймасына 500 миллион текше метр су жинауды жоспарлап отырмыз. Сондай- ақ, облыс әкімінің орынбасарымен және аудан әкімдерімен су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларын талқыладық. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға қажетті ұсыныстар береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Одан әрі министр Шу ауданының ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының барысымен танысты. Бүгінгі таңда 80 пайыз жұмыс орындалды.
Нұржан Нұржігітов жергілікті тұрғындардың жобаға қатысты пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Министр мердігер ұйым өкілдеріне барлық кемшіліктерді жоюды және келесі жылы жұмысты аяқтауды тапсырды. Министрлік өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
«Aq jol» – Аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Бас прокуратура жылдық жұмысын қорытындылады
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді