– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында шетелдік инвесторлар тарта отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыруды тапсырған болатын. Президент тапсырған міндеттер облысымызда жоспарлы түрде жүзеге асырылу үстінде. Шағын және орта кәсіпкерліктің де көзін тауып, байланыстырып отыр. Инвесторлар ең алдымен аймақтың экономикалық әлеуетін көтеруге елеулі үлес қосатыны белгілі. Осының аясында облысымызда арнаулы экономикалық индустриалды аймақта инвесторлар тарапынан көптеген жобалар іске асырылуда. Бүгін біз сіздермен «Zhambyl Invest» дирекциясының бірінші өңірлік штаб отырысын өткізіп, индустриалдық аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобаларды бірлесіп талқылайтын боламыз, – деді аймақ басшысы.
Жиында облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысы туралы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басшысы Берік Манасов баяндама жасап, жалпы өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен таныстырды. Сонымен қатар, өңірдегі арнайы экономикалық индустриалдық аймақтарда қолға алынған жобалар туралы тиісті басқарма басшылары хабарлама жасап, инвесторлардың жұмысымен таныстырып өтті.
Штаб отырысы барысында аймақ басшысы инвесторлармен зум арқылы байланысқа шығып, пікір алмасты. Инвесторлар өздері жүргізіп жатқан жобалардың барысымен таныстырып, оның аймақ үшін маңыздылығын сөз етті. Мәселен, «Тараз» индустриалдық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде «Тараз – ЦементСтрой» ЖШС жалпы құны 2,8 миллиард теңгенің, «I CONS» компаниясы 1,4 миллиард теңгенің, ал «Жібек жолы» индустриалдық аймағында «Эко Бәйшешек» ЖШС 2,3 миллиард теңгенің, Қордайда «Mariam Gold Ltd» ЖШС 60,1 миллиард теңгенің жобасын іске асыруда. Басым көпшілігі шетелдік инвесторлар. Басым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Осы инвесторлардың арасында «NSA AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірде ауыл шаруашылығы тракторын құрастыру жобасын қолға алған. Оның құрылтайшысы қытайлық инвесторлар. Ал серіктестік өкілі Алмат Нұрекеевтің айтуынша, құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын жоба аясында МТЗ маркалы трактор құрастыру көзделген. Кәсіпкер бұл жобаны 2025 жылдың 20 мамырында аяқтап, іске қоспақ ниетте. Кәсіпкер 20 адамды жұмыспен қамтуға ниетті.
– Бұл тамаша жобаны біз қуана қолдаймыз. Өз өңірімізде өз тракторымыз шығарылып жатса бұл үшін үлкен жетістік емес пе. Мұндай жобаларға барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасауға біз әрқашанда дайынбыз, – деді Ербол Қарашөкеев.
Жалпы күн тәртібіне қойылған барлық жоба штаб отырысында қаралып, инвесторлардың бастамаларымен жеке- жеке танысқан аймақ басшысы олардың қазіргі жағдайына қанықты.
Мойынқұм ауданында инвестициялық форум өткізу керек. Сондай-ақ, бүгінгі күні «Жібек жолы» мен өңіріміздегі басқа да арнайы экономикалық индустриалдық аймақ жұмыстарын дамытуды бақылауды күшейту керек. Ондағы жобалардың уақытылы жүзеге асырылуы маңызды, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жиын қорытындысында аймақ басшысы басқарма мен жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, бұл бағыттағы жұмысты ширатуды тапсырды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді