Ең көп таралған аймақ – Алматы қаласы, онда 575 жағдай, содан соң Астана қаласында 362, Қарағанды облысында 340 жағдай тіркелген. Ал, біздің облыста биылғы 10 айда 93 жағдайы тіркеліпті.
Облыста ең көп 46 жағдай Тараз қаласында тіркелген. Содан кейін Шу ауданында 10 және Қордай ауданында 7 жағдай.
– Биылғы 10 айда тіркелген жаңа жағдайлардың ішінде анықтаудың ең көп пайызы 30-39 жас тобында байқалды, яғни 24 жағдай, бұл 25,8 пайызды құрайды. Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдерге қарағанда ерлер арасында АИТВ инфекциясы басым. Биылғы 10 айда ауырғандардың 64-і ерлер, 29-ы әйелдер. 2024 жылы індетті жұқтырғандардың ең көп үлес салмағы – 75 жағдай. Талданған кезеңде инъекциялық есірткіні қолдану кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру 5 жағдайда орын алды. 2024 жылы парентеральды инфекция жалпы құрылымда 5,4 пайызды құрайды. Анықталмаған берілу жолына 4 жағдай келді. Бірінші жағдайда эпидемиологиялық тергеу жүргізілмеді. Өйткені, ол ИБ нәтижесін алғанға дейін біздің елден тыс Түркияға кетті. Екінші жағдайда эпидемиологиялық тергеу жүргізілді, бірақ болжамды берілу жолының қауіп факторлары анықталмады. АИТВ инфекциясының анықталған жағдайларының ішінде әлеуметтік мәртебесі бойынша ең жоғары пайызды жұмыс істеушілер құрайды. Ал, жұмыс істемейтін санаттағы азаматтар арасында – 34 жағдай, зейнеткерлер арасында анықталу – 11, сотталғандардың ішінде – 1, тергеу-қамауға алынғандардың арасында 1 жағдайы анықталды. Жоғары оқу орнында оқитындар арасында – 2, әскери қызметшілер арасында 2 жағдай анықталды, – дейді облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев.
Бас дәрігердің айтуынша, диспансерлік есепте 1005 науқас тұр. Соның ішінде 8-і 14 жасқа дейінгі балалар. Ал, 237-сі есірткіні инъекциялайтындар, 60-ы бас бостандығынан айырылғандар, біреуі шетелдік болса, 148-і ИЕҚА «Д» есепте тұратындар, оның 55-і келген, 56-сы кеткен, 26 кісі қайтыс болған. Бағлан Жарылқасынұлы биылғы 10 айда анықталған АИТВ-инфекциясының 93 жағдайының 92-сі есепке алынғанын айтты.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді