Кезекті шақырылым сарбаздары ел шекарасының күзетін қамтамасыз ететін Қордай шекара басқармасының қатарына қосылды. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан бұл аймақ шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Шекара қызметі – әрбір жас сарбазға зор міндет жүктеп, оған үлкен жауапкершілік артады. Ант беру рәсімі осы міндеттің символдық бастауы іспетті. Бұл күні сарбаздар Отан алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, тәуелсіздік пен бейбітшілікті сақтау жолындағы қызметке шын жүректен дайын екендіктерін жеткізді.
Жас жауынгерлер ант қабылдағаннан кейін бірден әскери дайындық бағдарламасына қосылды. Әскери бөлімде олар тактикалық және физикалық даярлықтан өтіп, шекара күзету ісінің қыр-сырын меңгеруге кіріседі. Әскери өмірдің әрбір сәті шыдамдылық пен шыңдалуды талап етеді. Сарбаздар шекараны қорғау ісіне қажетті дағдыларды меңгеріп, әрдайым қырағылықты сақтауды үйренеді. Олардың әрқайсысы – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғауға арналған маңызды тетіктің бір бөлшегі.
Жалпы, ант қабылдау рәсімінде 321 сарбаз әскери ант берді. Күзгі шақырылым аясында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өздерінің алғашқы қадамдарын жасаған олардың жүзінен шаттықтың табы есіп тұрды. Ант қабылдау рәсіміне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өңірлікдепартаментінің бастығы, полковник Ғани Бекмырзаев арнайы қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде әскер қатарына қосылған жауынгерлердің еліміздің шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен өтеулеріне сенім білдірді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




