Оқу-жаттығу Қордай ауданы, «Алматы- Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолдың 205 шақырымында (Қордай асуы) ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Алдымен техникалардың жай-күйін тексеріп, бұдан соң жауаптылардың дайындық деңгейін бақылады.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу арнайы дайындалған сценарий бойынша жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру, адамдарды іздеу және құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті аймақтардан жылыту пункттеріне, жақын елді мекендер мен емдеу мекемелеріне эвакуациялау шаралары іс жүзінде тексерілді.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы, Полиция департаментінің құрылымдық және бағынысты бөлімшелері атсалысты.
Жамбыл мен Алматы облысынан барлығы 150 адам, 42 бірлік техника жұмылдырылды.
Өз кезегінде қос аймақтың әкімі оқу- жаттығу жиынына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, төтенше жағдайдың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат екенін жеткізді.
Айта кетейік, Жамбыл облысының барлық аудандарында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық бойынша оқу- жаттығулар ұйымдастырылды. Оған 850-ден астам адам мен 200 техника тартылды.
Ағымдағы жылдың 10 айында төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы орган және азаматтық қорғау құрылымдарымен бірлесіп 7 933 оқу-жаттығу өткізді.
Облыс құтқарушылары 344 адамды құтқарып, 600 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 47 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




