Шу аудандық филиалының төрағасы Болатхан Ниязбековтің айтуынша, ауданда тіркелген 4564 партия мүшесі 28 бастауыш партия ұйымындағы 148 топқа біріктірілген. Партия мүшелерінің барлығы электрондық дерек қорына енгізілген. Бүгінгі күні 4564 партия мүшесінің 361-і зейнеткер, 244-і жұмыссыз азамат болса, 217-і бала күтімі бойынша ақысыз демалыста отырған аналар, ал 12-і мүмкіндігі шектеулі азамат. Биыл ауданда партия қатарына 136 адам қабылданған.
– Жуырда Amanat партиясының Шу аудандық филиалының кезектен тыс 4 конференциясы өтті. Конференция құжаттары тиісті талаптарға сәйкес рәсімделіп, жасақталды. Жиын барысында белгілі болғаны партия тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында көп жұмыс атқарылған. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылы Шу ауданындағы 3 ауылдық округ бойынша 331 адам 1761 миллион теңге несие қаражатына қол жеткізді. Сонымен қатар, үш ауылдық округте 251 миллион теңгеге 23 ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Биыл жобаның бесінші бағыты бойынша 10 құжат өткізіліп, қаржылық жұмыстары қаралу үстінде. Ал, «Жер аманаты» жобасы аясында биыл аудан бойынша 10 мың гектар жайылымдық жерді қайтару межесі қойылған. Бүгінгі күнге жоспарға сәйкес 3 653 мың гектар жер мемлекет тарапына қайтарылды. Жыл соңына дейін жоспар толық орындалатын болады. Ал, өткен жылы 23 мың гектар жер қайтарылған болатын, – дейді Болатхан Ниязбеков.
Ал, «Қарызсыз қоғам» жобасы да ауданда табысты іске асырылуда. Шу қаласы мен жоба жүзеге асқан барлық ауылдық округте 734 адам арнайы курстан өтіп, сертификаттарын алған. Бұдан бөлек, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың аумақтық Жол картасы аясында 60 іс-шара қамтылған. ІІІ тоқсан қорытындысымен жүргізілген талдау нәтижесі бойынша 60 іс-шараның 50-і (83,3%) орындалған, 10-ы (16,6%) орындалуда. Биыл депутаттық фракция отырысында аудан әкімінің есебі тыңдалып, талқыланған.
– Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы ауданда жүргізіліп жатқан түрлі құрылыс насандарына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында 6 партиялық бақылау бекеттері құрылған. Бүгінгі күні 3 партиялық бекеттің құрылысы аяқталып, партиялық бекеттер жабылды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері есепті кезеңде аудандағы жол картасындағы құрылыс нысандарына зерделеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді және филиал тарапынан партиялық бақылауға алынған. Сондай-ақ, бүгінге дейін партия мүшелерінен түскен 39 ұсыныс-тілектердің біреуі облыстық мәслихат депутатына, 38-і аудандық депутаттарға жолданды. Бүгінгі күнге оның 33-і (86,8%) оң шешімін тапса, қалған 5-і орындалу үстінде. Ал, жыл басынан партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 121 қабылдау өткізіліп, 262 өтініш келіп түскен болатын. Түскен өтініштердің 149-ы оң шешімін тапты, ол 57 пайызды құрады, ал қалған 113 өтініш немесе 43 пайыз заң аясында түсіндірілді, – дейді аудандық филиал төрағасы Болатхан Ниязбеков.
Өткен тамыз-қыркүйек айларында партияның «Балаларды мектепке даярлайық!» республикалық акциясы іске асырылды. Бұл акцияға депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен кәсіпкерлер жұмылдырылған. Нәтижесінде акция аясында 128 балаға мектепке қажетті формасы мен оқу құралдары, арнайы кеңсе тауарлары алып берілді. Аталған акцияға барлығы 4 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Сонымен бірге, тұрғындарға ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында сайлауалды бағдарламадағы облыс бойынша жоспарланған шаралар мен көрсеткіштер бейнеленген 4 билборд орналастырылған.
Amanat партиясының Шу аудандық филиалы «Жастар Рухы» жастар қанатының 396 мүшесі бар. Жастар қанаты жыл басынан бері 27 іс-шара өткізіп, оған 752 жас қатысқан. Оның ішінде жастарға кеңес беріліп, бос орындар жәрмеңкесі, колледждердің жатақхана мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «қауіпсіз аула» акциясы мен «Qaisar» жобаларын іске асырды. Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша жастармен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, «Бақытты отбасы» жобасы бойынша халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау, балалар күнінде асфальтқа сурет салу сынды іс-шаралар ұйымдастырылған.
– Шу аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтары мен «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен ауданда тұрақты түрде «Таза бейсенбі» акциясы өткізілуде. Сонымен қатар, шілде айында партия аудандық филиалы «Жастар Рухы» жастар қанатының III есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, құжаттары рәсімделді және есептері облыстық филиалға жіберілді. Жалпы, жыл басынан ауданда Төле би, Жаңақоғам, Тасөткел ауылдық округтері мен Далақайнар ауылында барлығы 4 рет әкімдердің сайлауы өткен. Оның ішінде Төле би, Жаңақоғам ауылдық округтері мен Далақайнар ауылы әкіміне кандидатты конференция арқылы, ал Тасөткел ауылдық округінде Amanat партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынушы кандидаттар сайлауға қатысып, жеңіске жетті. Сонымен қатар, осы жылдың 15 ақпанында Amanat партиясы Шу аудандық филиалының кезектен тыс ХIІІ конференциясы өткізіліп, Шу аудандық мәслихатының бос тұрған №12 бір мандатты сайлау округіне кандидат ұсынылды. 31 наурыз күні сайлау қорытындысы бойынша бос тұрған №12 бір мандатты сайлау округінің депутаттығына Amanat партиясы атынан ұсынылған кандидат Мақсат Шәймерден айқын басымдықпен жеңіске жетті. Сөйтіп ол Шу аудандық мәслихатының депутаты атанды, – дейді филиал төрағасы.
Партия жұмысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша партия аудандық филиалының фейсбук және инстаграм парақшаларында жыл басынан бері 430 материал жарияланған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді