Жуырда аталған бөбекжай-бақшаның «Зерде» тобында «Әжемнің ертегілері» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырған тәрбиеші Гүлмира Насирова кішкентай бүлдіршіндерге түрлі өлеңдер жаттатып, ертегілерді нақышына келтіріп оқып берді. Жалпы, бұл топта 28 бүлдіршін тәрбиеленуде. Тәрбиешінің ізденімпаздығының арқасында жоғары деңгейде өткен іс-шараға балалардың әжелері Орынкүл Кенжебекова мен Шамша Жұмабаева қатысып, ата дәстүрдің озық үлгісін көрсетті.
Әжелер балаларға «Жануарлар патшасы кім?», «Үш қозы» сынды ертегілерді оқып берді. Ал, әжелердің қызықты ертегісіне алғыс ретінде осы топтың кішкентай әншісі Медина Нахан ән шырқады. Іс-шараға қатысушы ата-аналар мен әжелер балалардың танымын кеңейткен ерекше іс-шараны ұйымдастырған Гүлмира Рашидқызына ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




