Нақты айтар болсақ, Аmаnat партиясының Шу ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы автомобиль жолдарын салу және оны күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, «Жер аманаты» жобасы аясында пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару барысы, «Шу – Қайнар 56 шақырым» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәселелер қаралған. Аталған мәселелер бойынша бірқатар депутаттар сөз сөйлеп, ұсыныстарын білдірген. Ауданда автомобиль жолдарын салу және оны күрделі жөндеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалау өзекті. Себебі, бұл күрделі саланың бірі. Жер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару міндеттері де заң аясында өз шешімін тапқаны жөн. Бұл туралы да халық қалаулылары ортақ шешімге келген.
Жоғарыдағы аталған мәселелер толық қаралып ұсыныстар тыңдалып, шешім жобасына өзгертулер енгізіліп қабылданған. Осы қабылданған нақты шешімдер көтерілген мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететіні анық.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




