
Атап айтқанда, аталған аудан аумағында сайлауалды бағдарламасының жол картасының 6 құрылыс нысанына 6 партиялық бекет ашылған. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттарының тарапынан барлық партиялық бекетке апта сайын тұрақты түрде рейдтер жүргізілуде. Бүгінгі күнге екі нысан пайдалануға берілуіне байланысты аталған бекеттер жабылды. Жыл аяғына дейін тағы бір бекет жабылады, қалған 3 бекет келесі жылға өтеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Аmаnat партиясы Шу аудандық филиалының төрағасы Болатхан Ниязбеков:
«Ауданда партияның атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Аmаnat партиясының өкілдері мен мүшелері барлық шаруаның басы-қасында жүр. Партия мүшелері барлық саяси науқан, еліміздегі ірі оқиғаларға бейжай қарамайды. Атап айтар болсақ, биылғы ірі саяси оқиға елімізде атом электр стансасын салуды қолдау немесе қолдамауға арналған референдум. Аталған жалпыұлттық референдумды өткізу бойынша 30 адамнан тұратын аудандық халықтық штаб құрылып, жұмыс істеді. Штаб мүшелері құрамына ауданның белгілі, беделді азаматтарымен бірге депутаттық фракция мүшелерінің барлығы енгізілді. Аталған штаб мүшелері бекітілген желілік кестеге сәйкес ауданның барлық 35 елді мекенінде және кәсіпорын, мекемелерде түсіндірме жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп, аудан тұрғындарын ақпараттандырды. Жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Аудандағы құрылыс, білім, жер телімін беру, руханият мәселелері бойынша да ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр», – деді.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Білімді, тәрбиелі жастар – ел болашағы
- 22 мамыр, 2025
Отан үшін от кешкен Оразбек ата
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді