Шу ауданында №8 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты мандатына тұрғындар таңдауы Нұржан Разимбековке түскені бекер емес. Себебі, бұл азаматтың іскерлігін, әрқашан халықтың сөзін сөйлеуге дайын екенін көпшілік біраздан бері білетін. Мандат иесінің қол жеткізген жетістіктері туралы ұзағынан айтып өтуге болады.
Нұржан Қалмаханұлы Шу ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын «Инженер- экономист» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы аудандық мемлекеттік зейнетақы орталығында бас маман болып бастаған. Мұнан соң аудандық экономика басқармасында, Шу аудандық кірістер комитетінде тәжірибеден өтіп, 2002-2005 жылдары облыстық кірістер департаментінде жетекші маман қызметін де жемісті атқарды. 2006 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 2019- 2022 жылдары «Arystan Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды. 2022 жылдан қазіргі күнге дейін «Сауда сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері қызметін атқарып келеді. Өзінің жұмысына қай кезде де жоғары жауапкершілікпен қарайтын Нұржанның жақсы нәтижелерге қол жеткізуінде ұзақ жылдар бойы талмай жасалған еңбек, төгілген тер жатыр. Ол отбасында үш ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
Нұржан Разимбековтің сайлауалды бағдарламасы ерекше ауқымды. Ол бағдарламада 2025 жылға дейін Шу қаласын орталықтандырылған сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу, Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағының түнгі жарықтандыруын және жаяу жүргіншілер жолағын жөндеуден өткізу мәселесі нақты айтылған. Сонымен қатар, аталған саябақтың жанынан спорт алаңшасы мен демалыс орнын ашуға уәдесін берген. Шу қаласындағы №40 мектеп-лицей жанынан жаяу жүргіншілерге арналған серуендеу алаңшасын, демалыс орындарына шуды көздеген. Шу қаласында орналасқан ағынды және кәріз суларын жинау аумағын тысқары жерге көшіру де депутаттың жоспарында. Шу қаласының көшелерінде қоқысты сұрыптауға арналған контейнерлер орнатуға, көпқабатты үйлердің аулаларынан балалар ойын алаңшаларын ашуға ықпал жасауда да халық қалаулысы белсенділік танытып жүр. Нұржанның жоспарлары мұнымен бітпеген. Ол сайлауалды бағдарламасында 2026 жылға дейін Шу қаласында жасөспірімдерге арналған қоғамдық сауықтыру бассейні кешенін ашуға, Шу қаласына кемінде он бейнебақылау камерасын орнатуға ықпал етуді көздеген. Ол өзінің міндетіне қоғамдағы ұлтаралық келісіммен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасау міндетін де қосқан. Мұнан бөлек сайлауалды бағдарламада аудан аумағында жастар саясатына қатысты жұмыстарға қолдау көрсету, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету, жас кәсіпкерлерді қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, аталған азамат еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерді, осал топтағы, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларды қолдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асуына және жәрдем беру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыру жұмыстарына ықпал ететінін айтқан. Сондықтан да сайлауда тұрғындардың көпшілігі Н.Разимбековті қолдап, зор сенім артқан. Депутат Нұржан Разимбеков осы сенім үдесінен шығып келеді. Бұл сөзімізді шулық сайлаушылар да қуаттайды.
«Нұржан Қалмаханұлы депутат болғалы өзінің сайлауалды бағдарламасына сай белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізіп, көптеген ұсыныс-тілектерді жазып алды. Сол өзекті мәселелерді шешу жолында тер төгіп жатыр. Әрине, өзекті мәселелер бір күннің ішінде шешіле салмайды. Ол белгілі. Дегенмен, депутаттың алға ұмтылып, нақты жұмыс жасап отырғаны қуантады. Алдағы уақытта да жұмысының сапалы боларына сенеміз. Біз, сайлаушылар да депутаттың жанынан табылып, қолдауымыз қажет. Сонда ғана бірге біраз оң шешімдерге қол жеткізуге болады деп ойлаймын», – дейді Шу қаласының тұрғыны Ғабит Есдәулетов.
Өзге де сайлаушылар Нұржан Разимбековтің жүйелі жұмысына жиі ризашылықтарын білдіруде. Халық қалаулысының табысты жұмысы мен бастамалары өзге депутаттарға да үлгі. Себебі, еңбек бар жерде нәтиже бар. Сайлаушылар аманатына адалдық танытқан Нұржанға көпшіліктің құрметі жоғары. Сол құрмет – мұның жұмысына берілген жоғары баға. Депутаттың белсенді жұмысы бағалау мен қолдауға лайық.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді