«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі – Тараз

Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі –  Тараз
Ашық дереккөз
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніндегі «Ежелгі бекініс» құрылыс нысанының пайдалануға берілуін және аталған кешеннің тиісінше абаттандырылуын мүдделі тұлғалармен пысықтады.

«Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің қала тұрғындары мен қонақтарынын демалуына жайлы және жастар үшін рухани тәрбиелік мақсаты болуын айтып өтті.

Еліміздің ең көне қаласының тарихына дұрыс баға беру үшін «Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі – Тараз» деген ұғымды қалыптастыруды ұсынды. Тараз – түркі өркениетінің бастауы, мәдениет пен тарихтың тоғысқан орны. Қаланың бай мұрасы мен тарихы тек Қазақстан үшін емес, бүкіл түркі халықтары үшін маңызды. Бүгінгі таңда Тараз – түркі халықтарының бірлігін білдіретін, ортақ тарих пен мәдениетті дәріптейтін, көне заманнан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан алтын бесік.

Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, маңызды сауда, мәдени және діни орталық ретінде танымал болған. Бұл жерде әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер тоғысып, қала дамуына өзара ықпал еткен. Қала тарихында түркі тайпаларының, оның ішінде түркі қағанатының, оғыздар мен қарлұқтардың ізі сайрап жатыр.

Қаланың терең тарихына мән беру қала тұрғындарының тарихи тамырларын сақтап, бай мәдени мұрасын жалғастыруға септігін тигізері сөзсіз.

«Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі – Тараз» мемориалдық кешенінің эскиздік жобасына конкурс жарияланып, жеңімпазына 10,0 миллион теңге жүлде берілетінін хабарлады. Жоба бойынша консультант болып Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев белгіленді.

 

Тараз қаласының әкімдігі.

Ұқсас жаңалықтар