Жастайынан шығармашылыққа жаны жақын болып өскен қалам иесінің аталмыш туындысы 2021 жылы алғаш туған жері Әулиеата топырағында жарық көрген. Ал, жинақтың алғысөзін жергілікті жастардың жанашыры болған жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Не сіпбек Дәут айұлы жазған болатын. Жалыны шарпыған жастық шақтың, нәзік сезімін тазалықпен жырлаған автор жинағында балалық шақтың тәтті естеліктері де сақталған. Бұл жайында ақынның өзі кітаптың алғашқы тұсаукесерінде: «Кітабымның аты «J.A.S» деп аталуының да өзіндік себебі бар. Оның мағынасы Жақсылық Арайлы Серікқызы дегенді білдірсе, тағы бір мағынасы – кәдімгі көз жасы дегенді немесе адамның жасы дегенді де білдіреді. Осы тақырыптың өзінде менің балалығымның тәтті елестері, 25 жасқа дейін кешкен күйлерімнің беймезгіл сәттері барлығы сыйып тұр деп ойлаймын», – деп ой бөліскен еді.
Араға аз уақыт салып республика көлемінде жарық көрген жинақ ендігіде баспа арқылы еліміздің барлық аймақтарына тарайтын болады. Жас ақындар туындыларының тұсаукесерінде сөз сөйлеген «Абай» баспасының директоры, ақын Ақберен Елгезек мұндай бастамалардың жас шығармашылық өкілдері үшін үлкен қолдау екендігін атап өтті.
– Былтыр, «Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсаукесері өткен кезде баспа ұжымы «алдағы жылы қазақтың көркем әдебиет туындыларын 100 томдыққа жеткіземіз» деп уәде берген еді. Биыл баспа сол уәдесін артығымен орындап отыр. Баспа тек қана көркем әдебиет саласында ғана емес, ғылымға да көңіл бөле отырып, оңайлықпен қолға түсе бермейтін академиялық зерттеу еңбектерімен толыға түскен. Осы арқылы авторларға қаламақы төледік. Биыл 60-қа жуық автор қаламақысын алып үлгерді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастырып, жазушыны жазушы үстеліне қайтарғымыз келеді, – деді Ақберен Елгезек.
Салтанатты жиынға Смағұл Елубай, Дидар Амантай секілді белгілі қаламгерлер қатысып, Мұхтар Шаханов жаңа жинақт ардың тұс ауын ке сті. Айта кетейік, Арайлы Жақсылық бүгінде жергілікті шығармашылық өкілдерін бір ортаға тоғыстырған «Авангард» поэтикалық жобасының авторы ретінде де танымал. Жыл сайын жыр сүйер қауымның басын қосуды әдетке айналдырған әдеби кеш биыл да 28 қарашада «Құс жолындағы құштарлық» тақырыбымен жалғасын таппақ. Әріптесімізге жемісті бастамалар мен шығармашылық табыс тілейміз!
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді