Мен кеңестік жүйеде де, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде де облыс деңгейінде басшылық қызметте болдым. Екі кезең салыстыруға келмейді. Қуанып Тәуелсіздігімізді алғанымызбен, 2-3 жылдан соң, қиындықтарды сезіндік. Көп мәселе шешімін күтті. Мәселен, Жамбыл облысындағы бір ғана «Қазфосфат» зауытын алайықшы. Кеңестік кезеңде қандай үлкен зауыт болды. Әлемнің бірнеше мемлекеттерімен байланыста жұмыс істеді. Кейін сол мемлекеттер кіммен, қалай келісімшарт жасайтынын бағдарлай алмай қалды. Тіпті, кейбір зауыттар қандай өнім шығарарын білмей дағдарды. Осындай күрделі кезеңнен де өттік. Біздің Жамбыл облысы өзінің тарихында айтулы табыстарға жетті. Кен өндірісінен, мал шаруашылығын дамыту жағынан үнемі алда, үлкен жетістікте болды.
2004-2009 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқардым. Ол кезең экономикалық жағынан біраз мәселелер шешілген тұс. Дегенмен, ауыл шаруашылығын дамытуда, шағын және орта кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамытуда алдымызда біраз міндеттер тұрған болатын. Облыс әкімшілігі сол мәселелерді мүмкіндігінше жолға қоя білдік.
Облыс экономикасы қазір де ілгері дамып отыр.
Жамбылдық тұрғындардың берекелі өмір кешіп жатқаны үшін өте қуаныштымын. Өзім басқарған жылдардағы белсенділігі, ауызбіршілігі үшін барша жамбылдықтарға алғысым шексіз.
Жамбыл жерінің абыройы арта берсін!
Бөрібай ЖЕКСЕМБИН
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері,
Жамбыл облысының 2004-2009 жылдардағы әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді