Табиғаттың күтімін жасап, айналаның тазалығын сақтауға негізделген жұмысқа облыс тұрғындары, әсіресе жастар белсене атсалысуда. Мәселен, жуырда Тараз қаласындағы Самал шағынауданындағы №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.
– Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласуда. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, қала тұрғындары тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Туған жеріміздің тазалығы мен келбетінің көркін сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз, – дейді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.
Бұл күні акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 1056 бірлік техника жұмылдырылды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




