Аймақ басшысының орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен өткен басқосу барысында қоғамда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту мәселесіне ден қойылды. Облыс әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңеске үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Онда осы жылы үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыс нәтижелері мен келер жылға жоспарланған әлеуметтік жобалардың тақырыптары талқыға түсті. Жиында ең әуелі сөз алған Серік Жақсылықұлы өңірде қолға алынған іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүргізуде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ол өз сөзінде биыл облысымызда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 135 әлеуметтік жоба жүзеге асып жатқанын тілге тиек етіп, осы ретте үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын одан әрі жандандырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімдігінің білім басқармасының және Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары әкімдіктерінің үкіметтік емес ұйымдармен жұмысы баяндалды. Бұдан бөлек, қоғам өміріне білек сыбана араласуға ниетті белсенді азаматтарды қаржылық қолдау, олардың әлеуметтік мәні зор бастамаларына көмек көрсету мәселелері де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кеңесте бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері сөз алып, азаматтық секторды дамытуға қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында 2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары, басым бағыттарының тізбесі мен аталған кеңестің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы бекітілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




