Осы орайда қалалық Жастар ресурстық орталығында «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайту» тақырыбында семинар өтті. Онда осы бағыттағы түрлі қоғамдық ұйымдармен бірге жастар арасында құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүргізіп жүрген белсенді тұлға Әсел Жапарова отбасылық құндылықтарды сақтаудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.
Бұдан өзге «Жұбайлар арасындағы сенім және сүйіспеншілік» тақырыбы талқыланды. «Әулие ата» қазақ мәдени орталығы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Пайза Сайлаубекқызы отбасы ішіндегі сенім мен сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндірді. Жалпы өткен айдың соңына дейін жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату, отбасындағы әкенің рөлі, отбасылық бюджет және қаржылық сауаттылық тақырыптарында да бірнеше маңызды семинарлар өтті.
Мысалы, Республика күні қарсаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев «Отбасындағы әкенің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Аталған семинарлар отбасы институтын дамытуға, жастарға тәрбие берудің маңызын түсінуге және ата-аналарға өз міндеттерін саналы түрде орындауға көмек көрсетуге бағытталған. Іс-шараларға қатысқан мамандар отбасы құндылықтарын нығайту арқылы қоғамдық тұрақтылықты сақтау – маңызды міндеттердің бірі екендігін атап өтті.
Дархан Байпақ,
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




